Сенбі күні Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов өңірдің негізгі өндірістік нысандарының жұмысымен танысып, агроөнеркәсіп саласындағы өзекті жайттарды талқылады. Сондай-ақ, өңірдегі жастардың проблемаларына да назар аударды.
Pm.kz-тің хабарлауынша, Үкімет басшысы Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен, мұнайды алғашқы қайта өңдеуден өткізетін қондырғының жұмысымен танысып, мазутты терең өңдеу бойынша бірегей кешендерді қарап шықты. Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып жатқан ПМХЗ жаңғырту жобасы отандық мұнай өңдеу зауыттарын қайта жөндеуден өткізу жөніндегі үкімет бағдарламасына енген. Жаңғыртудан өткен соң зауыт мұнай өңдеу тереңдігін 90%-дан асырып, жылына 7,5 млн. тонна мұнайды қайта өңдеуге және Еуро-4 стандартына сәйкес өнім шығаруға қол жеткізуі тиіс.
Сондай-ақ, Премьер-Министр сапар аясында көмір өнеркәсібін дамыту жөнінде кеңес өткізді.
Көмір қоры жағынан Қазақстан әлемдегі көшбасшы елдер ондығына енеді. Қазақстан аумағында 400-ден астам кен орны бар, көмірдің жалпы қоры 150 млрд. тонна деп бағаланған. Қазіргі көмір өндірісінің деңгейімен шамалағанда, көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді екен.
Дегенмен, бұл салада да түрлі түйткілді мәселелер бар. К.Мәсімов жұмыс тобын құрып, өзекті мәселелерді қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
Үкімет басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы мәселелеріне де көңіл бөліп, кеңес өткізді. Бұл ретте, ол тұрғындарды сапалы ауыз сумен жабдықтау мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Соған орай, жағдайды түзеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Ұлттық экономика министрлігіне және облыс әкімдігіне бірқатар тапсырма берілді.
Премьер-Министр жастармен де кездесті. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыруда жаңа бағытты енгізу, «Start-Up» арқылы жастар кәсіпкерлігін дамыту және өз бетінше шетелдік ЖОО-ларда оқып жүрген жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Жастар жағы да түрлі ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.
«Егемен-ақпарат»

Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12