Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде... Ауыра қалсаңыз тағы да дәрігердің көмегіне жүгінесіз. Алайда, қазіргі қоғамда дәрігерлерге деген сенімсіздік, шағымданушылық, тіпті, істерін сотқа апаруға дейінгі жағдайлар көбірек орын алып жатыр. Бұған кім кінәлі? Дәрігердің салғырттығы ма, әлде ауру асқынғанда ем қабылдаған жандар ма?
Медицина саласы жылдан-жылға қарқынды дамуда, қазір адамды өлім аузынан арашалап қалу да ақылды аппараттардың арқасында жеңілдеп отыр. Соған қарамастан, кез келген медициналық мекемеге бас сұқсаңыз, дәрігерге айтылар арыз-шағымнан көз ашпайсыз...
Дәрігер – адам жанының арашашысы. Талап та, жауапкершілік те жоғары болу қажет-ақ, алайда дәрігерлердің құқығы қайда?
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте дәрігердің құқығы туралы айтылғанмен, дәрігерді қорғау туралы арнайы бап жоқ. Осыдан келіп дәрігерлерге кінәні артушылар да көп. Дәрігерді қорғайтын заң қарастырылмағандықтан, кез келген шағымданушының арызымен сотқа сүйрей жөнелеміз. Егер ақ желеңді жандарды жазықты қыла берсек, бізде өз ісінің мамандары қалмайтын шығар. Медициналық оқу орнын бітіріп, жұмысқа орналасқан жас маманның жәбір көріп, жапа шегіп жатқандары қаншама? Дәрігер күнделікті қабылдау қызметін атқаруымен қатар өз бөлімшесін аралауға, шақыртуларға баруы тиіс. Алайда, дәрігерлердің өмірін кім сақтандырады? Жақында Астанада болған оқиға соның бір дәлелі. Қоңырау шалып, шақыртуға зәру болған азамат ауырып жатпағандығы белгілі болды. Ол үйіне келген дәрігерге құқай көрсетіп тиісе бастайды. Абырой болғанда қыз қашып құтылады. Оның үстіне, дәл бүгінгі күні еліміздегі медицина қызметкерінің жалақысы адвокат жалдауды көтермейтіні жасырын емес. Қазір дүние жүзінде медициналық білімі бар заң қызметкерлерін даярлау үрдісі бар. Олар түрлі жағдайда дәрігердің кінәсіз екенін анықтап бере алады. Ал бізде ондай мамандандырылған қорғаушылардың тапшылығынан дәрігер құқығы аяқ асты болып тапталып жатыр. Сондықтан, елімізде медициналық білімі бар заң қызметкерлерін дайындауды қолға алу қажет.
Тағы бір мәселе – ауылдық жерлерге медициналық көмекті жеткізу ісі. Елімізде шалғай жатқан, 20-30 үйлі ауылдар баршылық. Медициналық орталықтарды көлемі шағын ауылдарға орнату мүмкін емес. Жұрт ағылып қалаға, аудан орталығына қатынайды, медициналық көмекке дер кезінде қол жеткізе алмай жатады. Осы орайда Үкімет жылжымалы медицина қызметін қолға алуда. Оған ел ішінде жүргізіліп келе жатқан «Денсаулық пойызы» дәлел. Жаңа технологиялық жабдықтар мен диагностикалық лабораториясы бар пойыздарда мамандарға барлық жағдай жасалған. Бұл заманға сай медицина қызметін ауыл тұрғындарына жеткізудің ең тиімді тәсілі. Осындай дер кезінде келетін көмектерді қолға алсақ, біріншіден, уақыт жоғалтпай ауруды емдеп, екіншіден, ауылдық жерде скрингтік тексерулерді толықтай жүзеге асыра аламыз. Халықтың әл-ауқатын жақсартуды, денсаулық саласының алдыңғы қатарлы мемлекеттермен тең дәрежеде болуын Елбасымыз жиі қадап айтып келе жатыр. Ендеше, білімді де білікті дәрігерлердің санын арттыруға атсалыссақ, дәрігер құқығының қорғалуына, жәбірленушіге айналып жапа шекпеуіне түрткі болсақ дегім келеді.
Айман МҰҚЫШЕВА

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше