әйелді ауруханаға төтенше жағдай құтқарушылары жеткізді
Қостанайлық Галина Воробьева артық салмақтан осыншалықты азап шегемін деп ойламаған еді. Оның салмағы қазір 350 килограмнан асады. Аса ауыр салмақтың салдарынан ол орнынан қозғала алмай қалған болатын. Семіздік Галинада бала кезінен байқалған. Бірақ ата-анасы оның ағзадағы зат алмасудың бұзылуынан болатынына аса мән бермесе керек. Ол осыдан бес жыл бұрын сүрініп құлап, аяғын ауыртып алады да, жүре алмай отырып қалады. Қимылсыз отырғаннан май басу үдерісі дес бермей кетеді, ол тіпті орнынан қозғала алмай, әлсірей бастаған.
Ауру әйелді қалалық ауруханаға жеткізу де оңай болмайды. Төтенше жағдайлар комитетінің Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оны брезент матаға жатқызып, 8 жігіт арнайы машинаға зорға көтеріп салады.
Қазір Галина Воробьева дәрігерлердің қатаң бақылауында.
Айтпақшы, Галинаны астаналық дәрігерлер Қостанайға келіп емдейді, оны Астанаға жеткізуге төтенше жағдайлар құтқарушылары да ойланады...
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше