Бүгін Рио-де-Жанейрода Қазақстан спортшылары дзюдо, академиялық есу мен жүзуден өтетін жарыстарға қатысады. Дзюдодан әйелдер арасындағы белдесулер Астана уақытымен кешкі сағат 19.00-де басталады. Онда іріктеу кезеңі мен ширек финалдық кездесулер өтеді. Одан кейін сағат 00.30-да 10 тамызға қараған түні дзюдошылар жүлде үшін күреседі. Осы кезде көрермендер жартылай финалдық, үшінші орын үшін белдесу мен финалдық кездесуді тамашалай алады. Дзюдо жарысына 63 килоға дейінгі салмақтағы Мариан Ордабаева қатысады. Академиялық есу жарысы сағат 21.00-де басталады. Оған Қазақстаннан Владислав Яковлев пен Светлана Германович қатысады. Ал сағат 22.50-ден бастап жүзуден 200 метрге брасс әдісі бойынша өтетін жарыстар көрсетіледі. Бұл сында көрермендер Дмитрий Баландиннің
жарысын тамашалай алады. Осылардың барлығын Kazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
«Қазақстан» телеарнасы сағат 00.30-да ауыр атлетикадан тікелей эфирде трансляция жасайды. Онда 63 килоға дейінгі салмақтағы Карина Горичева тұғырға шығады.
Тағы бір айтатын нәрсе, Олимпиадада боксшылардың жекпе-жектерінің кестесі өзгеріп жатыр. Оны бізге «Егемен Қазақстанның» арнаулы тілшісі Бақтияр Тайжан хабарлады. «Бүгін Данияр Елеусінов пен Иван Дычко жекпе-жектерін өткізуі тиіс», деді ол.
Дастан КЕНЖАЛИН

Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Кеше