Қазақстан Президенті Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге Кветта қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Akorda.kz-тің мәліметі бойынша, жеделхатта Мемлекет басшысының Кветта қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
«Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен терроризмнің әрекеттерін қатаң айыптайды. Әлемдік қауымдастықтың осы қауіп-қатердің таралуына қарсы күрестегі күш-жігерін толық қолдаймыз», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ барша достас Пәкістан халқына көңіл айтты.
Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 09 Тамыз, 2016
Елбасы Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше