«Қазақфильм» киностудиясы Әміре Қашаубаевтың өмір жолына арналған жаңа көркем фильмді түсіруді қолға алды, деп хабарлады Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қорының баспасөз қызметі.
2017 жылы халықаралық прокатқа шығаруға жоспарланған «Әміре» киножобасы Қазақстан мен АҚШ-тың бірлесе отырып шығаратын алғашқы жобасы болмақ. Кинотуынды қазақтың тұңғыш біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өткен жарқын өмірін баяндайды.
1925 жылы Парижде өткен Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes шеңберінде ұйымдастырылған бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы Әміре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, екінші орынды және күміс медаль иеленген.
Фильм дарынды әншінің Мұстафа Шоқаймен кездесуі, джаз орындаушысы Джордж Гершвинмен танысуы мен әншінің отанына оралғанда бастан кешкен сынақтары туралы сыр шертеді.
Туындыда Әміре Қашаубаевтың репертуарындағы «Балқадиша», «Сұржекей», «Үш дос», «Дударай», «Жалғыз арша», «Бес қарагер», «Ағаш аяқ» және «Əй-əй бөпем» әндері орындалады.
Шілде айының соңында Латвияның Рига қаласында басталған түсіру жұмыстары қыркүйек айында Алматы қаласында жалғасады. Фильмнің сценарийін жазған – Бенжамин А. ван дер Вин. (Benjamin A. van der Veen).
Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әмірені) және Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқайды) сомдайды. Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және «Область тьмы» фильмі арқылы танылған америкалық актриса Эбби Корниш сынды басқа да актерлер қатысады.
Айман МҰҚЫШЕВА
• 09 Тамыз, 2016
Әміре Қашаубаев туралы көркем фильм жарыққа шығады

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 23:48
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше