Америкалық зерттеуші Мария Блэквудтың айтуынша, жарық көрген кітап – еліміздегі XX ғасырда болған ашаршылық жылдарын қамтиды.
«Жалпы, Қазақстандағы архив құжаттары негізінде ағылшын және неміс тілінде жазылған бірнеше жаңа кітап жарық көрді. Ал аштық жайында баяндалатын шығарма Германияда жазылды. Сонымен қатар, америкалық тарихшы Сара Кэмеронның кітабы биыл басылады. Қарап отырсаңыз, екі автордың да тақырыбы Қазақстандағы нәубет жылдарын қамтиды. Олар осыған байланысты көптеген қызықты материалдар тапқан», – дейді Мария Блэквуд.
Бүгінде ол өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы алғашқы қазақ большевиктері жайлы диссертация жазуда. Нақты айтқанда, оның дипломдық жұмысының тақырыбы алашордалықтарға арналған.
Қазақстан Президентінің мұрағатында өткен конференцияда зерттеуші Мария Блэквуд: «Ғалымдардың назарын Қазақстан тарихына аудару өте жеңіл. Себебі ол өте қызықты. Мен Алматы мен Мәскеуде болып, мұрағаттардан тарихи тың деректер іздедім. Аталған қалаларда бұрынғы Кеңес одағының орталық мұрағаттары бар. Онда Қазақстанға байланысты көптеген материалдар кездеседі», – деді.
Айта кетейік, ашаршылық жайлы кітап Қазақстанға жыл соңына дейін жеткізіліп, кітап дүкендерінде сатылатын болады.
Талғат РАЙЫМБЕК
• 09 Тамыз, 2016
АҚШ-та Қазақстандағы ашаршылық туралы кітап шықты

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше