15 Ақпан, 2011

Абыройлы парыз

622 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП ХІІІ съезінде сөйлеген сөзіндегі бір ерекшелік, халықтың өмір сүру дең­гейін жақсартуда арзан жалдық тұрғын үй тетігін ойластырып, оны же­ңіл­дікпен ұсыну қажет­тігін атап көрсетті. Бұл биылғы Жолдауын­да атап айтқан тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық саласына бас­ты назардың жалға­сындай кө­рінді. Сондықтан әр­бір елді мекенде жас маман­дар­ға арнап, қа­зіргі тұрмыс тала­бына сай үйлер, әлеуметтік-мә­дени нысандар салу­ды жоспар­ла­ған дұрыс. Бұл біздің елдегі тұрғын­дар­ы­ның жартысына жуығы ауыл­дық жерде тұратындықтан, өте өзекті мәселе деп білемін. Ал Жолдауда айтылған тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылық жү­йе­сін реформалау – қала тұр­ғын­дары үшін шешуін күткен шетін мәселе болып табылады. Атал­ған реформаны жүр­гізу үшін «Тұрғын үй қа­рым-қатынас­тары» Заңына және тағы басқа құқықтық-нормалық құжат­тар­ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Сондықтан, осы сала­ларға қатысты мекемелер өкілдері мен аудандық, қалалық әкімдік және қоғамдық ұйымдар өкіл­дері­нің қатысуымен Елбасы Жол­дауын жан-жақты талқылауды күн тәр­тібіне қойып, айтылған пікірлер мен ұсыныстарды топтастырып, қо­рытындылап, тиісті органдарға жеткізуі тиіс деп ойлаймын. Қандай да болмасын жақсы жос­пардың орындалу сапасы мен дең­гейі оны іске асыруға жауапты әрбір деңгейдегі сала басшы­лары­ның халық алдындағы жауапкершілігіне, адалдығына, кәсіби шеберлігіне, ұйым­дастырушылық қа­білетіне жә­не әрқайсымыздың азаматтық белсенділігімізге бай­ла­нысты. Ол үшін біздің партия мүшелеріне өз міндеттерін жетік білумен қатар, жұртшылықты ор­тақ мүддеге жұ­мылдыру ісі тапсырылады. ХІІІ съезд деле­гаты ретінде осы мәсе­лелер мұ­қият талқыланып, басшы­лыққа алынады деген сенімдемін. Елбасы Н.Назарбаев Қазақ­стан халқына Жолдауындағы мін­дет­тер­дің орындалу барысын бақы­лауға алуды «Нұр Отан» ХДП жә­не қоғамдық ұйымдарға тап­сыр­ды. Партияның кезекті ХІІІ съезін­де аталған мәселе нақтылана түс­ті. Бұл жетекші партиямызға жүк­телген үлкен сенім және жауапкершілік. Ел үмітін ақтау нұротан­дық­тардың абыройлы парызы екендігін жұртшылық жақсы біледі. Мейрамбек ҚИЫҚОВ, «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы cаяси кеңесінің мүшесі, съезд делегаты.
Соңғы жаңалықтар