15 Ақпан, 2011

Еркін елдің ертеңі үшін

462 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазір еліміз зор өзгерістер жолында, әр күн сайын жаңа­лық, біздер де сол жақсы­лық хабарлардың куәсі болып, алда­ғы­ күндерге үлкен үмітпен қа­рай­мыз. Елдіктің, егемендіктің өз жерімізде салтанат құрғанына тәубе деп тәуелсіздік деген ұлық ұғымды қадірлеп, оны мәң­гілік сақтап қалуға әрқай­сы­мыз Елбасы секілді үлес қосуы­мыз міндет, парызымыз деп білемін. Күні кеше ғана Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы XIII съезінің жұмыс барысын, күн тәртібіне ұсынылған алты мәселенің бірауыздан қабылдан­ғанын теледидар арқылы көрдім. Біз жаңа мемлекет, жаңа қоғам құрдық, жаһандық әлемде өмір сүре алатын жаңа ұрпақ тәрбиеледік, – деді Елбасы. Қан­дай дәл айтылған сөздер, шы­нында да, қазір біз еліміздің келешек іргесін нықтайтын жаңа жас буын тәрбиелеп жатырмыз. Өңірдегі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді іске асы­ру мақсатында балалардың құ­қықтарын қорғау департаменті өз қызметін «Кереку-Ертіс өңірі­нің балалары – еліміздің балалары», «Өңір балалары сандар мен фактілерде», «Балалар­дың құқықтары туралы шын­дық», «Балалық шақты қорғау», «Балалар – XXI ғасыр байлығы» атты төрт жоба арқылы жұмыс жасай­мыз. Департамент құрыл­ған екі жыл ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қор­­ғау сала­сын­дағы өкілдермен бірлесіп, балалар үйлеріне ба­рып кез­десулер өткізіп келеміз. Елба­с­ы саясаты­ның арқасында туған ата-анасы­нан жылылық көрмеген балалар үйіндегі жетім сәбилер, интернат тәрбилену­шілері бүгінде мемлекет қамқор­лығында. Съезде Президент ал­дағы сайлауға түсу­ге, елі үшін қызмет жасауға келісімін берді. Нұрсұлтан Назарбаев­тың халық үшін, әрине, орны бөлек, мәр­тебесі биік. Ал, бала­лары­мыз­дың болашағы үшін бізге ты­ныш­­тық, саяси тұрақтылық, ауыз­­бір­шілік әрқашанда керек. Сол үшін мен сайлауда өз дауы­сымды Елбасының жеңісі үшін беремін. Гүлбарам НАУРЫЗБАЕВА, балалардың құқығын қорғау облыстық департаментінің директоры. Павлодар облысы.