Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаеваның, Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтованың және математика пәні бойынша 57-халықаралық олимпиаданың жеңімпазы, Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9-сынып оқушысы Мұхаммед-Әли Әмірдің қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті.
Брифинг «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қызметіне арналды.
«1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде білім беру жүйесін реформалау мақсатында «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Осы құжаттың негізінде 1998 жылы Астанада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өз жұмысын бастады. Бүгінгі таңда Орталықтың ауыз толтырып айтарлық жетістіктері баршылық. Ірге тасы қаланып, ісін жүргізе бастаған күннен бері халықаралық олимпиадаларда, әртүрлі деңгейдегі білім бәйгелерінде алдыңғы орындарды алып үлгерді. Өткен жылдың өзінде қазақстандық оқушылар халықаралық жарыстардан 1309 медальді олжалады. Оның ішінде 276 алтын, 384 күміс, 629 қола бар. «Дарын» орталығының 2016-2017 оқу жылына арналған жоспарларында математика, физика, информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізу көзделген. Оған шамамен 15 мемлекеттен 50-ге жуық команда келеді деп күтілуде», – деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша қазіргі таңда «Дарын» желісіне 124 мамандандырылған білім беру ұйымы кіреді. Бұл мекемелерде еңбек ететін 7 741 мұғалімнің жартысынан көбі жоғары санаттағы ұстаздар екенін айта кеткеніміз жөн.
Жиын барысында математика бойынша Гонконгте өткен 57-халықаралық олимпиаданың жеңімпазы, Мұхамед-Әли Әмір де өзінің ойын ортаға салып, әлемдік додадан алған әсерімен бөлісті. Қорытынды бойынша қоржынымызға 5 медаль түскен. Олардың ішінде, 1 алтын, 1 күміс, 3 қола және 1 Құрмет грамотасы барын мақтанышпен айтсақ артық болмас. Жарысқа 100-ден астам мемлекет өкілдері қатысып, жалпы есепте біздің команда 28-орынға табан тіреген. Бұның өзі үлкен жетістік. Осыдан-ақ, «Дарын» орталығының жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын көруге болады.
Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»

Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Бүгін, 21:33
Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді
Оқиға • Бүгін, 21:06
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50