Арқа өңіріне Тілеуқабыл Есенбекұлының есімі жақсы таныс. Әсіресе, саятшылықты өнер деп бағалаған ағайын мен мал өсіруді кәсіп еткен шаруа қауымының ол кісіге деген сый-құрметі ерекше.
Тілекең ұмыт болған құсбегілік өнеріміздің тамырына қан жүгіртіп, елімізде алғашқылардың бірі болып халықаралық «Салбурын» сайысын ұйымдастырған азамат. Ол құсбегілердің осы додасын бірінші рет 1995 жылы, содан кейін 1998 жылы екінші рет өткізді. Аталған сайысқа еліміздің бірқатар облыстарынан және Германия, Австрия, Венгрия сияқты шет мемлекеттерден құсбегілер келіп қатысқан еді. Бұл шараның соңы ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласып, құсбегілік өнер кеңінен тыныстап қалған болатын.
Сонымен қатар, ол шет мемлекеттерге шығып, сондағы ақпарат құралдары арқылы бекзат өнер – құсбегілікті насихаттау ісінде көп шаруа тындырды. Батыс елдерімен құс баптау бойынша тәжірибе алмасу жұмысын жолға қойып, бұл іске қызығушылық танытқан еуропалықтармен тығыз қарым-қатынас орнатты. Бұдан бөлек, іскер азаматтың Шет аудандық шаруа қожалықтары қауымдастығының төрағасы ретінде фермерлерге түрлі көмектер көрсетіп келе жатқанына да он жылдың жүзі болды.
Жасының жетпістен асқанына қарамастан Тілеуқабыл Есенбекұлы үнемі ізденіс үстінде жүретін жан. Биыл ол «Табиғи бұлақтарды жөндеп және қалпына келтіру арқылы қуаң аймақтағы тұрғындарды сумен қамтамасыз етуді арттыру» жобасын іске асыра бастады. Негізі бұл игі шара – Еуроодақ пен Қазақстан Үкіметі арасындағы су көздерін сақтау және ауыз суды тиімді пайдалану бойынша бірлесе қолға алған жоба. Қарағанды облысының біршама бөлігін шөлейт жерлердің алып жатқаны белгілі. Сондықтан да бұл өңір үшін жеті қат жер астынан атқылап жататын бұлақтарды сақтау ерекше маңызға ие.
Таяуда ол Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентіндегі Жанғұтты би бұлағының бітелуге айналған басын толықтай жөнге келтіріп, ауыл тұрғындарының таза су ішуіне жағдай жасады. «Бұрын бұл бұлақтың суы молынан ағып, Шерубай-Нұра өзеніне құйылып жатушы еді. Кейіндері көзі бітеліп, суы сарқылып қалды... Біз ең алдымен, бұлақтың суын сорып алып, көзін тазаладық. Содан кейін бастауын бетонмен шегендеп, қызыл кірпішпен өріп шықтық. Қайнардан шыққан су резервуар арқылы бұлақтың қолдан жасалған шарасына ағып барады. Бұл жаздыгүні тұрғындарға су алу үшін қажет, ал қыс кезінде су резервуардан құдық арқылы қауғамен тартылады.
– Оның жан-жағын мал баспау үшін таспен қоршадық. Енді су ағып әрі қарай арыққа кетеді. Оны мал ішеді. Біздің есебіміз бойынша, осы жерден шамамен 80-90 отбасы ауыз су алатын болады», – дейді жоба жетекшісі Тілеуқабыл Есенбекұлы.
Бұдан бөлек жобаны іске асырушылар құдыққа дейінгі 100 метрдей болатын жолды өз күштерімен салды. Ал бұл шаруа жобаның жоспарында жоқ болатын.
Жалпы бұл істе жоба жетекшісіне Шет ауданының тұрғындары, жастардан құралған еріктілер тобы көп қолғабыс тигізіпті. Олар арнайы сенбілік ұйымдастырып, сауапты істен қолдан келген көмектерін аямаған.
Жоба аясында барлығы 10 бұлақтың басын жөнге келтіру көзделген. Бүгінгі күнге дейін оның үшеуі жөндеуден өтті. Бағдарлама бойынша жөнделуге тиіс бұлақтардың барлығы Ақсу-Аюлы кентінен айналасы 20 шақырым жерде орналасқан.
Қазақта «Бұлақ көрсең – көзін аш» деген өнегелі сөз бар. Тілеуқабыл Есенбекұлы осындай сауапты іс тындырып жүр.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы, Шет ауданы

Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей-ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі
Қоғам • Бүгін, 22:43
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Бүгін, 22:09
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Бүгін, 21:33
Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді
Оқиға • Бүгін, 21:06
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20