Елімізде алғаш рет Шопан атаға арналған мүсін қойылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Бесқарағай ауданының орталығында, Омбы-Майқапшағай күре жолының бойында орналасқан ескерткішке зер салсаңыз, бір қолына жаңа туған қозыны көтеріп, екінші қолына таяғын ұстаған қарапайым еңбек адамының бейнесін көресіз. Алдына жайылып жүрген өрістегі қойлары мен оны күзеткен итінің жайғасуы да шынайы шыққан композициялық шешім. Бұл – ғасырдан-ғасырға жалғасып, атадан балаға мұра болып келе жатқан баба кәсібіне деген құрмет.
Тас тұғырына «Ұлы дала еңбеккерлерінің даңқы арта берсін!» деген ұрансөз жазылған ескерткіштің бой көтеруіне осы өңірдің тумасы, меценат Қайрат Итемгенов демеушілік көрсеткен екен. Бұл күні атымтай азамат сонымен бірге аудан орталығында соңғы жылдары жемісті жұмыс істеп келе жатқан аумақтық оңалту орталығына шетелдік шағын автобусты сыйға тартты.
– Бесқарағайлықтар үшін қой шаруашылығы таңсық емес. Кезінде бұл өлкеде 200 мыңнан астам қой өсірілген. Атакәсіптің даңқын асырған атақты шопандарымыз да болды. Қарап тұрсақ, елімізде металлургтер мен кеншілерге, механизаторларға, басқа да мамандық иелеріне арналған ескерткіштер болғанымен, шопанның мүсіні еш жерде бой көтермепті. Сондықтан, дала төсінде мыңғыртып мал өсірген еңбеккерлерімізді құрметтеу – біздің парызымыз, – деді аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов.
Аудандағы қоғам белсендісі, зейнеткер Владимир Казинский қазақтың дархан даласын әйгілеген шопандарға құрмет көрсету Елбасы саясаты мен елдің береке-бірлігінің жемісі екенін атап өтті. Аталған шара аясында аудан орталығында мерекелік концерт, ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы

Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Бүгін, 21:33
Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді
Оқиға • Бүгін, 21:06
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50