10 Тамыз, 2016

Оралда қалалық аурухана қашан ашылады?

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-08-16-bolnuc

Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласындағы жаңа шыған аудандардың бірінде жаңадан салынған бүгінгі заманғы сәулетті құрылыс нысанының аяқталғанына біраз уақыт болып қалған еді. Алайда, алдын ала көп бейінді қалалық аурухана деп атау таңылған ғимараттың есігі ашылатын түрі байқалмайды. Мұның себебі – аурухана қызметкерлері қазір мамандық жетілдіру жөніндегі арнайы курстарда оқып жатыр екен. Сонымен қатар, аурухана жанынан жаңа жол салынуда. Осы жол салу жұмыстары мен дәрігерлердің оқу курстары аяқталғасын, аурухана да ашылып, халыққа қызмет көрсете бастайды, деп хабарлады әкімдіктен. Темір ҚҰСАЙЫН