11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №452

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 5 тамыз, Астана, Үкімет Үйі Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау туралы «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ақпараттық-есеп орталығы» акционерлік қоғамы астық қолхаттарын тіркеуші болып айқындалсын. 2. Осы қаулы 2016 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ