2015 жылғы 10 тамыз, Астана қаласы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы
«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына және 23-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н.Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.СӘРІНЖІПОВ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы
№521 бұйрығымен бекітілді
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» ең төмен әлеуметтік стандарты
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірледі.
2. Стандарт келесі заңдар тізімінің негізінде қолданылады:
1) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
2) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
3) «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Стандарттың мақсаты - ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандартының нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша
№ Норма/
нормативтің атауы Норманы/
нормативті реттейтін нормативтік құқықтық акт Норма/ норматив бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалар санаттары Норма/
норматив көлемі
1 Мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуді және оқытуды жан басына шаққанда қаржылан-дырудың нормативі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
27 шілдедегі Заңы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
7 желтоқсандағы
№ 1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балалар Республикалық маңызды қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызды қаланың) жергілікті атқарушы органдары жан басына шаққанда қаржыландырудың және тамақтану үшін ата-аналар төлемінің мөлшерін бекітеді;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына қаржыландыру негізінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру:
2015 жыл - 60 %;
2020 жыл - 60 %.
2 Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын құралдармен және жиҺазбен жарақтандыру нормалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
27 шілдедегі Заңы;
«Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
7 наурыздағы
№ 97 бұйрығы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 тіркелген)
«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиология-лық талаптар» санитариялық қағидалары» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10975 тіркелген) (бұдан әрі – 217 бұйрық) Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балалар Республикалық маңызды қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамта-масыз етілуін жүзеге асырады;
Ойыншықтардың тақырыптық тізбесі, жас топтарына, медициналық бөлмеге, спорттық залға және басқаларға арналған жабдықтар тізбесі;
Білім беру объектілерінің бөлмелерінде орналасқан жиҺазды таңбалауға және өлшеміне (түсі, биіктігі, типтері және түрі, жиҺаздың еденнен, қабырғадан, бір-бірінен ара қашықтығы, баланың жасына және бойына байланыстылығы) қойылатын талаптар;
Жиһаз бен жабдықтар саны өлшем бірліктерінде (саны, дана, жиынтық, жинақ) көрсетілген;
Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бойына, жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Жабдықтың жиыны, саны және көлемі объектінің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін есепке ала отырып көзделеді.
Жатын бөлмелерді жұмсақ және қатты мүкәммалмен жабдықтау, балалар күндіз болатын МДҰ-дағы киім-кешектерді жуу және оны таңбалау тәулік бойы болатын МДҰ-дағы балалардың тұру жағдайларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
3 Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау нормалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
27 шілдедегі Заңы;
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген
«Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар Облыстың жергілікті атқарушы органы балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
Психологиялық-медицина-лық-педагогикалық консульта-циялардың қорытындысына және оқытудың жеке жоспарына сәйкес кемтар балалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды үш жастан бастап алуына болады.
Санаториялық бөбекжай-балабақшаларда, мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларды тегін күтіп ұстау ұсынылады.
Топтардың толымдылығы:
1) есту қабілеті бұзылған: естімейтіндер үшін - 8 баладан көп емес, нашар еститіндер мен кейіннен саңырау болып қалғандар үшін - 10 баладан көп емес;
2) көру қабілеті бұзылған: көзі көрмейтіндер үшін - 8 баладан көп емес, нашар көретіндер мен кейіннен соқыр болып қалғандар үшін - 12 баладан көп емес;
3) тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылғандар үшін - 12 баладан көп емес;
4) сөйлеу қабілеті бұзылғандар үшін - 12 баладан көп емес;
5) ақыл-ойы кенжелеп қалғандар үшін - 8 баладан көп емес;
6) психикалық дамуы тежелгендер үшін - 12 баладан көп емес;
7) эмоциялық-еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылғандар үшін - 6 баладан көп емес;
8) күрделі бұзылыстары бар, оның ішінде соқыр-саңырау болып қал-ғандар үшін - 6 баладан көп емес.
4 Санитарлық-эпидемио-логиялық талаптар нормалары № 217 бұйрық Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балалар Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бойына, жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Жабдықтың жиыны, саны және көлемі объектінің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін есепке ала отырып көзделеді.
Жатын бөлмелерді жұмсақ және қатты мүкәммалмен жабдықтау, балалар күндіз болатын МДҰ-дағы киім-кешектерді жуу және оны таңбалау тәулік бойы болатын МДҰ-дағы балалардың тұру жағдайларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 7 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12028 болып енгізілді.