11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №620 

278 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2015 жылғы 2 қараша, Астана қаласы «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес бұйырамын: 1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11077 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Конкурстық құжаттама мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық қаржыландыру конкурсының талаптарына сәйкес келген жағдайда мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға өтініштер қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбімен жұма аралығында, сағат 13:00-де 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.»; 12-тармақтың 2)-тармақшасы алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н.Нүсіпов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарымда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Н.Нүсіповке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Т.БАЛЫҚБАЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі Досаев Е.А. __________________ 2015 жылғы 7 желтоқсан Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12810 болып енгізілді.