16 Тамыз, 2016

UIB Университетінде ДСҰ-ның семинарлар сериясы өтеді

474 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
UIB УниверситетіндеUIB Университеті Дүниежүзілік сауда ұйымының RTCP (сауда саясаты бойынша аймақтық курс) үшін академиялық серіктес болып бекітілді. Бұл университетке әлемнің 30 елі үкіметтерінің өкілдеріне арналған семинарлардың төртжылдық сериясын ұйымдастырудың айрықша құқығын береді. Жыл сайын ДСҰ Алматыдағы Халықаралық бизнес университетінде жоғары лауазымды тұлғаларға  2 айлық семинарлар өткізеді. UIB Университетінің қол жет­кізген жетістігі – әрине атап айтуға тұрарлық. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болудың бірінші жылы ішінде Қазақстан енді өте маңызды әрі ықпалды семинарлар жүргізбек. Соның нәтижесінде 30 елдің топ-менеджерлері ұйым жұмысымен және оның про­­­це­дураларымен танысу мүм­кін­дігіне ие болады. Семинарға қатысушылар Алматының және Қазақстанның тәжірибесімен таны­суға, жергілікті тұрғындардың қонақжайлылы­ғын бағалау және Елбасының басшы­лы­ғымен рес­публикамыздың қ­а­рыш­тап да­муы­ның мән-жа­йына қанығады. Бұл Қазақстанның академиялық бір­лестігіне де пайдасын тигі­зеді. Өйткені, қонақтар мен қабыл­дау­шы университет арасында біліммен және тәжірибемен алмасу мақсатында семи­нарларды же­текші жоғары оқу орындарының қабырғаларында да ұйымдастыру ұйғарылып отыр. ДСҰ үздік студенттермен қатар, жоғары білікті және тәжірибелі нұсқаушыларды тартады. Олар Қазақстанға келіп жаһандық сауда ұйымына бірігу туралы өздерінің мол тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ, ДСҰ-ға әрбір қатысушы ел үшін үрдістердің әсері жөнінде түсіндірме  және мәлімет береді. Халықаралық бизнес уни­вер­ситеті бәсекелесуші елдер мен олардың таңдаулы уни­вер­­си­теттерінің үлкен тобы ара­сынан таңдалды. Бұл әлбетте Қазақ­­станның қарқынды дамуын халықаралық деңгейде баға­ланғандығын растайды. Бұған қоса UIB-дің бизнесте және жо­ғары білімнің экономикалық са­ласындағы көшбасшылығын көр­сетеді. Әрбір семинар кезінде шақырылған ДСҰ лекторлары UIB білімі кеңістігін кеңейте отырып, университеттің қызметкерлерімен және студенттерімен тәжірибе бөліседі. Осы арада университеттің Еуразиялық экономикалық одаққа байланысты арнайы пән жүргізу бойынша алғашқы болғанын да атап өту керек. Енді UIB студенттерге Қазақстан Республикасының алдағы кезде дамуына халықаралық экономикалық бірігудің әсері туралы озық білімді беруге ұмтылуда. Келіссөздер барысында ДСҰ тиімді байланыстың қалыптасуына мүдделі болды. Ал өз кезегінде UIB экономикалық бірігу мәселесіне зор көңіл бөлетін ғылыми-зерт­теу орталығын жетілдіре бермек. Барлық дәрежелер спектрі (бакалавриаттың 17 мамандығы, олардың 4-еуі эксперименттік және ультра қазіргі бағдарлама болып табылады; 11 магистратура; МВА және 3 PhD) бо­­йын­ша арнайы пәндерді дамыту және ғылыми-зерттеу жұ­мысы бо­йын­ша семинарлар өте­ді. Ын­ты­мақ­тас­тық негізінде UIB оқы­ту­шы­лары ауқым­ды трансұлт­тық зерт­теу жобаларына қосылуы мүм­кін. Осылайша әлемдік маңыз­ға ие эко­но­микалық зерттеулердің жаһан­дық желісіне жете алады. UIB сту­дент­тері ауди­тория­лар мен дәліз­дерді 30 ел үкі­меті­нің жоғары қыз­мет­тегі өкілдерімен бөлісіп, ДСҰ жетек­ші мамандарының семинарларына қатысу мүмкіндігі ашылады. Нәти­жесінде UIB профессорлық-оқыту­шы­лық құрамы халықаралық эконо­мика, экономикалық дипломатия, сау­далық бірігу туралы білімдерін ке­ңей­тіп, ғылыми зерттеудің үлкен мүмкіндіктерін қолдана алады. Халықаралық бизнес универ­ситеті үшін бұл лайықты құр­мет. Және де оның құзыретін халық­аралық мойындау болып табылады. Оқу орны бірнеше халық­аралық академиялық ак­кредиттеуді сәтті еңсермек. 6 бакалавриат, 5 магис­тратура деңгейінде (AQ Austria) және рейтингтерде алдыңғы орыннан  көріну міндеті тұр. UIB әлеуетті студенттерге, олардың ата-аналарына, демеушілерге, сондай-ақ реттеуші институттар мен жекелеген тұлғаларға, бизнес-қауым­дастықтарға белсенділік таны­тады деп сенеді. Бәсекеге қабі­лет­тіліктің және халықаралық дең­­гей­дің Қазақстандағы жоғары білім берудің мемлекеттік емес секторында өскендігін байқатады. Халықаралық бизнес университеті өршіл, жоғары білікті мамандар даярлауда барлық мүмкіндікті пайдалана бермек. UIB ДСҰ семинарларының беделді сериясындағы жеңісіне Қа­зақстан Республикасының Швей­­цариядағы елшісі Ж.Айт­жанова­ның, сондай-ақ сауда саясатын дамыту орталығындағы қазақ­стан­дық білікті мамандардың қолдауы арқасында қол жеткізді. Халықара­лық бизнес университеті оларға атқарған еңбектері үшін алғыс білдіреді. Біз ДСҰ-ның бірінші командасы болып табылатын 30 елдің жоғары деңгейлі студенттерін қабылдауға және ДСҰ-UIB беделд­і серіктестігінің алдағы 4 жы­лы ішінде әлемге Қазақстанды лайық­ты танытуға дайынбыз. Марцин ДУШИНСКИ, UIB университетінің вице-президенті