16 Ақпан, 2011

Алдын-ала талдау өткізді

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров пен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Ханаа Сингер 2010 жылы қол қойылған Қазақстанда балалардың құ­қықтарын қорғау және ынталандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде өткізілген мемлекеттік балалар мекемелерінде зорлық жасау проблемаларын зерттеу нәтижелеріне алдын-ала талдау өткізді. Зерттеу әдістемесін әйелдер мен балаларға қа­тыс­ты зорлық жасау мәселелері бойынша ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы, Шығыс Кентукки университетінің (АҚШ) профессоры Робин Хаарр әзірлеген еді. Бұл зерттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік интернат мекемелерінде балаларға қатыс­ты зорлық жасау түрлерінің сипатын және өріс алуын бағалауға мүмкіндік береді, деп хабарлады Қа­зақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.