16 Тамыз, 2016

Халықаралық допингке қарсы агенттіктің вице-президенті қайтыс болды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-08-16-umer prz Халықаралық допингке қарсы агенттіктің вице-президенті Махенкези Арнольд Стофиле 72 жасында қайтыс болды. Ол өмірінің соңғы аптасында Оңтүстік Африкадағы ауруханалардың бірінде ем қабылдаған. Стофиле 2004-2010 жылдары ОАР-ның спорт министрі болған. Ал 2014 жылдан бері ол аталған агенттікте вице-президент қызметін атқарған. «Махенкези Арнольд Халықаралық допингке қарсы агенттіктің нәтижелі жұмыс жасауына елеулі үлес қосты. Ол қашанда спортты жанына серік етті», – деді агенттік басшысы Крейг Риди. Талғат РАЙЫМБЕК