Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Сара Сьюэллдің кездесуі өтті.
Шара аясында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары жөнінде де пікір алмасты.
«Мен ең алдымен Вашингтонда өткен кездесу үшін арнайы алғыс айтқым келеді. Өйткені, сол кезде ашық түрде диалог құрып, өте маңызды мәселелерді талқыладық. Ал енді биылғы жылы біз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтудеміз. Осы жылдар ішінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы әріптестік қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, Обама мырза президенттік етіп отырған қазіргі уақытта біздің байланысымыз едәуір нығая түсті. Сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін АҚШ-қа айрықша алғысымызды білдіреміз», – деді Г.Әбдіқалықова.
Кездесуде Гүлшара Наушақызы Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Президент Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін жариялағанына да тоқталды. Айта кетейік, Елбасы мәлімдеген маңызды құжатта дүние жүзін ядролық қатерден құтқару, орнықты әлем географиясын кеңейту, әскери блоктарды жою және әлемдік дамудың түбегейлі жаңа парадигмаларын әзірлеу жөніндегі нақты ұсыныстар баяндалған болатын.
«Бүгінде бұл манифест БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжатына айналды. АҚШ сапары аясында жарияланған манифест қазір халықаралық шеңберде қолдауға ие болып отыр. Мұны АҚШ та мақұлдайды деген үміттеміз», – деді Мемлекеттік хатшы.
Сонымен қатар, Гүлшара Наушақызы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне 2017-2018 жылдарға Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдағаны үшін С.Сьюэллге ел атынан зор ілтипат, ықыласымызды жеткізді.
Бұдан кейін Г.Әбдіқалықова әңгіме ауанын Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саясат ведомстволарының басшылары деңгейіндегі «С5+1» пішіміндегі үнқатысуға қарай бұрды. Қазақстан мұндай деңгейдегі пікір алмасу алаңын қолдап, қуаттайтындығын атап өткен Мемлекеттік хатшы, бұл бастама өңіріміздің жаһандық экономикалық үдерістерге кірігу жолындағы Орталық Азия мемлекеттері мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың өзара тиімді дамуына жағдай жасау керектігіне тоқталды.
Сондай-ақ, кездесу аясында Қазақстан Президенті ұсынған Бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары елімізде жаңа институттық орта қалыптастыратыны айтылды. Осы күндері жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы Жол» және Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламалары жөнінде де жан-жақты баяндалды.
Г.Әбдіқалықова орайы келгенде АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Сара Сьюэллді ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысуға шақырды. Сонымен қатар, АҚШ компанияларын көрмеге белсенді қатысуға үндеп, ол жерде «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ашылатынын атап өтті. Бұл ретте спикер Қазақстан тарапының Америка инвестициялық қорлары мен корпорацияларын тартуға мүдделі екендігін де ескерді.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері төңірегінде ой қозғаған Гүлшара Наушақызы осы бағыттағы қызметте Қазақстан мен АҚШ тығыз қарым-қатынас жасайтындығын айтты. «Қазіргі уақытта Қазақстан БҰҰ Бас хатшысының экстремизмге қарсы іс-қимыл жоспары бойынша жұмыстарды белсенді жүргізуде. Осы ретте біздің өзіміздің ұлттық жоспарымыз бар. Сол сияқты, терроризмге қарсы арнайы топ қызмет етуде. Менің ойымша, бұл бағыттағы бірлескен жоспар, жобалардың жүзеге асырылуы жалғасын таба түсетін болады», – деді Мемлекеттік хатшы.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ
• 17 Тамыз, 2016
«С5+1» – Орталық Азия мен ақш ынтымақтастығын арттыра түседі

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53