Фото: Ашық дереккөз
Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар келесі қалаларда күтіледі:
- Алматы, Өскемен, Семей, Риддер және Балқаш.
- Қарағанды мен Теміртауда жағдай әсіресе түнде күрделене түспек.
Мұндай жағдай – жел, тұман немесе температуралық инверсия кезінде туындайды. Бұл уақытта өндіріс орындары мен көліктерден шыққан зиянды заттар ауаға тарап кетпей, жер бетіне жақын қабатта жиналып қалады.
Ауаның ластануы, әсіресе, тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары аурулары мен аллергиясы бар жандарға тікелей әсер етеді. Осыған байланысты метеорологтар мынадай кеңестер береді:
1. Далада серуендеу уақытын шектеу;
2. Ашық ауада физикалық жаттығулар жасамау;
3. Автомагистральдар мен өндірістік нысандардан алыс жүру;
4. Созылмалы ауруы бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмегін жанында ұстау.
Еске сала кетейік, бүгін еліміздің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық күтілсе, солтүстік пен батыс аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.