17 Тамыз, 2016

Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек2016 жылғы 16 тамызда Астанада Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың Астанадағы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовпен ресми кездесуі болып өтті. Кездесу барысында министрлік пен Аймақтық хабтың арасында Өзара түсіністік туралы мемо­ран­думға қол қойылды. Құжат аясында тараптардың жобалық менед­жмент, мемлекеттік қызмет көрсе­тудің сапасын арттыру, адам ресурс­тарын басқару және басқа да өзекті бағыттардағы білім беру жә­не ғылыми-зерттеушілік сипат­тағы шараларға қатысуы көздел­ген. Екіжақты әріптестіктің маңыз­дылығына тоқтала келе, Ә.Бай­менов осы меморандумның транс­формация және кадрлық әлеует­ті арттыру жөніндегі ми­нистр­ліктің жұмысына өз септігін ти­гізетініне сенім білдірді. Өз сөзінде Ж.Қасымбек Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың адами капиталды жетіл­діруге қатысты мәселелерге баса назар аударатынын алға тарт­ты. Министр, сондай-ақ, қыз­мет­керлердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатындағы екіжақты ын­тымақтастықтың өзектілігіне де тоқталды. Айта кетерлігі, Астанада Мем­лекеттік қызмет саласындағы ай­мақтық хаб Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасының бастамасымен 25 мемлекет пен 5 халықаралық ұйымның қаты­суымен 2013 жылы өткен құрыл­тай конференциясы барысында құрылған болатын. Хаб миссиясы өңірдегі мемлекеттік қызметтің тиімді жүйелерін дамытуға сеп­тігін тигізу болып табылады. Қазір­гі таңда хабқа 34 мемлекет және 5 халықаралық ұйым мүше­лік етеді. «Егемен-ақпарат»