17 Тамыз, 2016

Рио-2016: Бүгін Данияр алтын медаль үшін таласады

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-08-16-box_eleusinov-1

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың боксшылар бәсекесінде бүгін түнде және ертең таң алдында рингке негізінен қыздар шығады. Олар 60 және 75 кило салмақтарда келесі кезеңге өту жолында сайысқа түседі. Ал ерлер арасындағы жалғыз жұпта Ойындардың алтын медалінің тағдыры шешіледі. Ол 69 килоға дейінгі салмақтағы қазақстандық Данияр Елеусінов пен өзбекстандық Шахрам Гиясов арасында өтеді. Ал қыздар арасындағы ширек финалдық сайыста 75 килодағы қазақстандық Дариға Шәкімова марокколық Хадиджа Мардимен күш сынасады. Одан өтсе, медальдар ауылына енеді. 17 тамыз. Күндізгі сессия Әйелдер. 60 кг. 1/2 финал. 23:00. Мира Потконен (Финляндия) – Жинхуа Юн (Қытай); 23:16. Анастасия Белякова (Ресей) – Эстелла Моссели (Франция). 75 кг. 1/4 финал. 23:30. Мария Кларесса Шелдс (АҚШ) – Ярослава Якушина (Ресей); 23:45. Дариға Шәкімова (Қазақстан) – Хадиджа Марди (Марокко). 18 тамыз. Кешкі сессия Әйелдер. 75 кг. 1/4 кг. 00:00. Куан Ли (Қытай) – Андрейя Бандейра (Бразилия); 00:15. Саванна Маршалл (Ұлыбритания) – Ношука Фортиюн (Нидерланд). Ерлер. 69 кг. Финал. 01:30. Данияр Елеусінов (Қазақстан) – Шахрам Гиясов (Өзбекстан). Дамир ҚОЖАМҚҰЛ Фото: Данияр МАЙЛЫБАЕВ