17 Тамыз, 2016

Өзбекстанда тәуелсіздік құрдастары әуе рейстерінде тегін жүре алады

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-08-16-Uzbekstana Аталған елдегі тәуелсіздік құрдастары ішкі әуе рейстерінде ғана тегін ұша алады. Ұлттық «Узбекистон хаво йуллари» авиакомпаниясы 1991 жылдың 1 қыркүйегінде туған жастарға осындай мүмкіндік жасап отыр. «Біз тәуелсіздіктің төл құрдастарына сыйлық ретінде осындай бастаманы қолға алдық. Олар 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында Өзбекстанның кез келген жеріне ұшып бара алады», – дейді аталған авиакомпания өкілдері. Айта кетейік, биыл Өзбекстанның тәуелсіздік алғанына 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік мерекесі жыл сайын 1 қыркүйекте тойланады. Талғат РАЙЫМБЕК