Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Бақытжан Әбдірайымов Қаратау қаласындағы «Шолақтау» кен орнының жұмысымен танысып, еңбеккерлерімен жүздесті.
Аймақтағы ғана емес, еліміздегі ірі өндіріс ошақтарының бірі саналатын «Қазфосфат» ЖШС-іне қарасты «Шолақтау» өндіріс алаңында бүгінде 535 адам еңбек етіп жатыр. «Қазфосфат» зауыты жылына 1 млн. 744 мың тонна фосфорит шығаратын болса соның 40 пайызын осы кен орны береді. Биылғы жылдың жеті айында бұл алып кәсіпорын мемлекет қазынасына 1 млрд. теңгеден астам салық төлепті. 2011-2015 жылдар аралығында кәсіпорынға 2,5 миллард теңге инвестиция құйылған. Осының арқасында көптеген жаңа техникалар алынып, зауыттың құрал-жабдықтары жаңарды.
Тарихы сонау 1946 жылдан бастау алатын «Шолақтау» кен орнының жұмысы бір күнде тоқтаған емес. Бұрын фосфорит ашық әдіспен өндірілетін болса, қазір 300 метр тереңдіктегі шахтадан қазылып алынады. Бұл кәсіпорындағы жұмысшылардың барлығы дерлік жергілікті тұрғындар. Жұмысшылардың орташа жалақысы 93 мың теңгені құрайды.
«Қазір еліміздегі өндіріс ошақтарына мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар болып жатыр, – дейді зауыт жұмысшыларымен жүздескен Мәжіліс депутаты Бақытжан Жарылқасынұлы. – Соңғы технологияларды пайдалана отырып өндірісті жаңа деңгейге көтеру міндеті күн тәртібінен еш түскен емес. Кәсіпорын жұмысының алға басуы әрине, басшыларға да байланысты. Дегенменде сіздердің қажырлы еңбектеріңіз зауыттың дамуын жеделдете түседі».
Бұл күні Мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайымов «Нұр Отан» партиясының филиалында жергілікті тұрғындарды қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады. Аудан тұрғындары бір кездері зиянды цехтарда жұмыс істеп, уақыт өте келе мүгедек боп қалған ғаріп жандардың мұңын, Қаратау қаласындағы жол, көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу мәселесін өткір қойды. Халық қалаулысы тұрғындардың арыз-шағымын мұқият тыңдап, бұл мәселелерді шешу үшін тиісті орындарға хат жолдайтынын айтты.
Оралхан ДӘУІТ
Жамбыл облысы

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13