16 Ақпан, 2011

Астана қалалық штабы құрылды

395 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалында  Қа­зақ­стан Республикасы президенттігіне кандидат Н.Назар­баев­ты қолдау жөніндегі қалалық қоғамдық штабтың тұсаукесері болды. Ол 12 ақпанда құрылған рес­публикалық қоғамдық штабтың филиалы болмақшы. Тұсаукесер рәсімін «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, штаб төр­ағасы Әмірхан Рахымжанов ашып, жүргізіп отырды. Штаб­тың басты мақсаты президенттікке кандидат, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың сайлау науқанына бірегей қолдау көрсету, оның сайлауалды тұғырнамасын насихаттау жөнін­дегі үгіт-насихаттық іс-шаралар өткізу, деді ол өзінің кіріспе сөзінде. Бүгін штаб мүшелерінің бәрін жинап, жұмыс жоспарымен таныстырамыз. Штаб бөлімше­лерінің, қоғамдық жылжымалы қабылдаулардың қайда болаты­ны, барлық орналасқан жерлері бүгін айтылатын болады. 3 нау­рыздан бастап ресми түрдегі насихат жұмыстары басталатыны белгілі. Біз сол уақыттан бастап ха­лықпен жиі кездесіп, үгіт-на­сихат өнім­дерін таратумен қатар, қабыл­даулар өткізетін боламыз. Астана қалалық қоғамдық штабы­ның құрамы 19 адамнан тұ­рады. Олардың қатарында партия белсенділері, ардагерлер, этно­мәдени бірлестіктер, ҮЕҰ басшы­лары және т.б. бар. Жұ­мыс­шы органы алты бөлімнен тұрады. Со­ның ішінде ұйым­дастыру, заң­гер­лік, қаржылық, ма­териалдық-техникалық қам­сыз­дандыру, бас­па­сөз және қоғам­дық қабылдау бө­лімдері бар. Бүгінгі таңдағы қызу жұмыс Н.Назарбаевтың президенттікке кандидаттығын қол­дау­ға қол жинау болып отыр екен. Штаб төрағасының айтуына қара­ған­да, қаладан 20 мыңнан артық қол жиналуға тиісті. Одан әрі президенттікке кандидаттың сенімді өкілдерін іріктеу, партияның сайлау учаскелеріндегі бақылаушы­ларын анықтау және т.б. толып жатқан шаралар кетеді. Міне, осындай көзге көрінбесе де, маңызы  зор қыруар шаруамен  штаб қызу айналысатын болады. Жақсыбай САМРАТ.
Соңғы жаңалықтар

КазLLM қалай жұмыс істейді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 15:25