Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Ақан Бижанов Алматы қаласындағы бірқатар еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Сенатор қаладағы сала бойынша көшбасшы болып табылатын «АлЭС», «БанкЦентрКредит» акционерлік қоғамдарында, «Қазлегпром-Алматы», «Global Buіldіng Contract», «Атрикс-Строй», «ALACARDPetroltech», «Ерке-Нұр» мекемелерінде болды.
Сенат комитетінің төрағасы кездесулерде бес институттық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындау аясында Парламенттің заңнамалық қызметі жөнінде айтып берді. Ұжымдардағы кездесулерде республиканың және Алматы қаласының даму жағдайы, оның ішінде білім-ғылым, денсаулық сақтау салалары мен агроөндіріс секторын өркендету мәселелері сөз болды.
Сенатор депутаттар корпусының заң шығару қызметі, алдағы жоспарлар, сондай-ақ, Алматы қаласының ерекше мәртебесі жөніндегі заңнаманы жаңарту туралы әңгімеледі. Кездесуге қатысушылар тұрғындарды жұмыспен қамту, балалар құқын қорғау, ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтер нәтижелерін коммерциялау туралы және Парламентте қабылданған басқа да заңдарға назар аударып, сауалдар қойды. Алматы барлық жағынан Қазақстанның экономикалық, ғылыми және мәдени орталығы болып саналады. Бұған қаланың қаржы, өндірістік, интеллектуалдық және инфрақұрылымдық әлеуеті жеткілікті.
Кездесулер соңында А.Бижанов еліміз өз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, әлемдегі дағдарыстарға қарамастан, алға қойған мақсаттарға нақты қадамдар жасағанын, тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуге, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуге ұмтылып отырғанын атап көрсетті.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағдарының негізі – халықтың әл-ауқатын жақсарту, бүгінгі және келешектегі бейбіт өмірді қамтамасыз ету. Қазақстан халқының бірлігі мен әлеуметтік ахуалдың жоғары деңгейі – қоғамдық тұрақтылықтың кепілі, – деді А.Бижанов.
Сенатор кездесулерде алматылықтардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12