19 Тамыз, 2016

Ядролық қарусыз әлемге ортақ қадам

389 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Семей ядролық полиго­ныХельсинкиде Қазақстанның Финляндия Республи­ка­сындағы елшісі Мұрат Нұртілеуов Финляндия Бейбітшілікті қорғау одағының төрағасы, халықаралық ядроға қарсы қозғалыстың танымал белсендісі, бұрынғы еңбек, сондай-ақ, жұмыспен қамту және экономика министрі, Еуропарламенттің экс-депутаты Тарья Кронбергпен кездесті. Сұхбат барысында елші Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен ядро­лық қарусыздану, таратпау және азаматтық атом жобаларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үде­рі­сіне Қазақстанның қос­қан тарихи зор үлесіне назар аударды. Халықаралық қатынастардағы оқиғалар мен сын-тегеуріндер аясында Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы мен Ядролық қауіпсі­з­дік жөніндегі саммиттер көтерген бастамаларының маңызы мен заманауилығы және оны жүзеге асырудың күн тәртібінен бір сәт те түспеу керектігі атап өтілді. Т.Кронберг Қазақстанның жа­һандық қауіпсіздік пен тұрақ­ты­лықты нығайтуға бағытталған бас­тамаларын жоғары бағалады. «Қа­зақстан үлкен сенім мен құрмет­ке ие. Ол қарусыздану үдерісі бары­сын ғана емес, сонымен қатар, халық­аралық қатынаста ядро­лық арсе­налдың орны мен рөлін өзгертті. Әлемдегі төртінші ядро­лық арсеналынан өз еркімен бас тарт­қан, Семей ядролық сынақ поли­гонын жабу туралы шешім қабыл­дап, ядролық қарудан азат Орта­лық Азия аймағын құру және басқа да көп­теген бас­тамаларымен шық­қан Қа­зақстан қандай құрмет пен на­си­хатқа да лайық», – деді Т.Кронберг. Оның пікірінше, Қазақстан аумағында МАГАТЭ-нің бақы­лау­ын­дағы Төмен байытылған уран банкін құру әлемдік қоғам­дас­тықтың жоғары сенімінің белгісі болып табылады. Қазақстандық дипломат Бе­й­біт­­ші­лікті қорғау одағының төр­аға­сын Семей ядролық полиго­ны жа­­былуының 25 жылдығы ая­сын­да Қазақстанда өтетін мерей­той­лы іс-шараларға қатысуға шақырды. Жыл сайын Бейбітшілікті қор­ғау одағы Хельсинки қала­сын­­да Жапониядағы ядролық бом­­ба­лаудың құрбандарын еске алу­ға арналған іс-шаралар ұйым­дас­тырады. Осы жылы Қазақ­стан ел­шіл­ігі аталған одақпен бір­­лесіп, Семей ядролық полиго­ны жа­бы­луы­ның 25 жылды­ғына арна­л­ған фото­көр­ме ұйымдас­тыр­ғанын айта кетейік. Іс-шараға Парламент депутаттары, Хельсинкиде тіркелген шетел­дік дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, жергілікті азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Қоғамның назарына Семей полигонының құрылу тарихы, сынақтардың зардаптары мен салда­ры, 1991 жылы Қазақстан Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың полигон­ды жабуы және ядролық сынақ­тарды болдырмау мен ядро­лық қаруды таратпау үдеріс­тері бойынша еліміздің жұмсап келе жатқан күш-жігері көлде­нең тартылды. Ядроға қарсы қозға­лыста Қазақстанның жетекші рөлі бір­неше рет атап өтілген Вашинг­тондағы, Сеулдегі және Гаагадағы Яд­ролық қауіпсіздік бойынша жаһандық саммиттерден фоторепортаждар экспозицияда ерекше орын алды. «Егемен-ақпарат»