Оңтүстік-Шығыс Азияға жасаған жұмыс сапары барысында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме комиссары Рәпіл Жошыбаев Сингапурде аралдық мемлекеттің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуына жауапты Ұлттық секцияның комиссары – Сауда және индустрия министрлігі департаментінің директоры Вонг Тун Джунмен және Сингапур туристік агенттігі ұлттық ассоциациясының президенті Дэвиндер Оримен кездесті.
Кездесу барысында Рәпіл Жошыбаев пен Вонг Тун Джун екі ел арасындағы сауда-инвестициялық және ғылыми ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Оның ішінде «жасыл» технология саласындағы жетістіктер жан-жақты тілге тиек етіліп, Сингапур компанияларының Астанадағы көрмеге қатысу мүмкіндігі талқыланды. Сингапур комиссары бұл елде «жасыл» энергетиканы дамытуға айрықша мән берілетіндігін айта келіп, саланы дамытуға мемлекет бюджетінен 3,4 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінгендігін атап көрсетті. Бүгінде жаңғырмалы энергия көздері арқылы алынатын энергетика саласында 18 мың адам жұмыспен қамтылған. Ол сонымен бірге, Астанада өткізілетін ЭКСПО көрмесінің бұл маңызды салаға жаңа технологиялар тартуға, ғылыми базаны нығайтуға және Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделінің артуына ықпал ететіндігін айтты.
Кездесу қорытындысында Р.Жошыбаев пен Вонг Тун Джун ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне сингапурлік тараптың қатысатындығы жөніндегі шартқа қол қойды.
Сингапур туристік агенттігі ұлттық ассоциациясының президенті Дэвиндер Оримен өткізілген кездесу шеңберінде тараптар сингапурлік туристерді елордада өтетін көрмеге көптеп тарту мәселелерін талқылады. Бұл ретте екі елдің туроператорлары көрмеге сатылатын билеттерді тарату мәселесі жөнінде жан-жақты жұмыс жүргізуі керек. Дэвиндер Ори Астанада өтетін көрме шеңберінде сингапурлік туристерді Қазақстанға көптеп тарту мәселесінің оңтайы келіп тұрғандығын атап көрсетті.
Сонымен бірге, Р.Жошыбаев Сингапурде өтіп жатқан жыл сайынғы «NATAS Travel Fair 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысты. Осы көрме аясында ұйымдастырылған Қазақстан павильонының жұмысымен танысып, сингапурліктерге қазақстандық туристік әлеуеттің мүмкіндіктерін паш етті.
Ұлан САНЖАР

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12