Шығыс өңірінің мақтаныштарының бірі – облыстық сәулеттік-этнографиялық және табиғи-ландшафт музей-қорығы. Осы нысанның «Сол жағалау кешені» аталып жүрген саябағында түрлі өсімдіктерді тамашалауға болады. Мәселен, ғылым тілінде «нимфея» аталатын тұңғиық гүлі – әдетте тазалық пен мейірімнің нышанына баланатын әдемі су өсімдіктерінің бірі. Әсіресе, оның «аттракцион» аталатын қызғылтым реңкке ие түрі өте сирек кездеседі. Сол жағалау кешенінің ботаникалық бағында тұңғиық гүлінің осы түрі алғаш рет қауыз жарды. Бұл өсімдік бақ аумағына биыл көктемде отырғызылған екен. Шамасы, «жаңа қонысын» жерсінсе керек, жайнап тұр.
– Бақта осы гүлдерге арналған су тоғандары мен топырақ қоспасы әзірленген болатын. Оны қарашірік пен құм, сазбалшықтан дайындадық, – дейді қорық-музейдің ботаникалық бақ және дендросаябақ бөлімінің меңгерушісі Александр Бочагов.
Жалпы, тұңғиық гүлі түрлі халықтың аңыз-әңгімелеріне арқау болған танымал өсімдік. Мәселен, орыс халқында жұмбақ, тылсым гүл ретінде сипатталады. Яғни, сабағын қиса, қан төгіледі, күлтелері қоруылдауға қызмет етеді делінеді. Су бетіндегі өсімдіктің қазақ тілінде «тұңғиық» аталуы да тегін емес.
Әрине, бақ аумағында тұңғиықтан басқа да көптеген экзотикалық, сирек кездесетін өсімдіктерге қолайлы жағдай жасалған. Алды гүл жарып, хош иісті жұпар шашып тұр.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10