Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылының кіреберісіндегі екі мал қорасы бірден көзге шалынады. Бұл жерде тауарлы-сүт фермасы құрылып, қазір сиыр сауып, қымыз пісумен бірнеше адам шұғылдануда. Ферма жанындағы үйге кіргенімізде күбі пісіп жатқан екі келіншекті жолықтырдық. Олар Маржан Әбдірахманова мен Алмагүл Еңсебаева деп таныстырды өздерін. Қос келіншек күніне 25 сиыр сауады екен. Жиырмаға тарта бие сауып, қымызды аудан тұрғындарына сатып жатыр. Дәмі тіл үйірген қымызға сұраныс үлкен. Тіпті, ауданның Қаратал, Қарабұлақ ауылдары мен Зайсаннан алдын ала тапсырыс түсіп жатыр. Ағайынды Серік, Қайрат, Жеңіс Әміреновтер басқаратын «Мұрагер», «Әміре», «Әмірен» шаруа қожалықтары ауданның экономикасына елеулі үлес қосып келеді. Ал Қайраттың «Мұрагер» қожалығы ауданда бірінші болып тауарлы-сүт фермасын құруды қолға алыпты.
Серікті бұрыннан танимыз. Секең мен жұбайы Гаухарияның қызы Аяулым қазақ қыздарының ішінде бірінші болып спорттың ең күрделі түрі – фристайлды меңгере бастады. Өжет қыз төрт жасында шаңғыға тұрып, оны игерген соң фристайлмен мықтап шұғылданды. 2010 жылы еліміздің жастар арасындағы І Қысқы ойындарында фристайлдың могул түрінен жұптасуда алтыннан алқа тақса, фристайл-могулда екінші, ал фристайл-акробатикада үшінші орынды иеленген еді.
– Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында тауарлы-сүт фермасын құру, адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету міндеті қойылғаны белгілі. Облыс әкімі Д.Ахметов өткен жылы ауданда болған кезде тауарлы-сүт фермасын құруды тапсырған еді. Бұл істі қолға алдық. 3 жыл бұрын Көкпекті ауданынан «Симменталь» тұқымды 100 сиыр сатып алдық. Ал «Жабы» тұқымды жылқы өзіміздікі. Қазір сүттің литрін 70 теңгеден сатудамыз. Артығы болса құрт қайнатып, май аламыз. Құрт пен ірімшікке де сұраныс бар. Істің көзін тапсаң, табыс табуға болады. Шынар Бектембетова жалғыз өзі 20 биені сауып жатыр. Қожалықтағы қыз-келіншектердің барлығы өз мамандығын шебер меңгергендер, – деді Серік Әміренов.
– Ауданда сүт зауыты жұмыс істеп тұр. Айдар Барысов басқаратын сүт зауытының келешегі бар. Проблема – қыс мезгілінде сүт тапшылығы. Сол үшін тауарлы-сүт фермасын құрғанбыз. Ол толық қуатына енгенде қажетті өнімдермен аудан тұрғындарын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады, – дейді аудан әкімі Темірбек Қасымжанов.
Қазір қожалықта 500 жылқы, 500 ірі қара бар. Сиырды 150 басқа, биені 40-қа жеткізу міндеті тұр. Екінші мал қорасының құрылысы аяқталған соң жылқы осында қыстайтын болады.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
журналист
Шығыс Қазақстан облысы,
Зайсан ауданы
Суреттерді түсірген автор

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12