Сербияның әуе кеңістігіне кірген Қазақстан Президентінің ұшағын көшбасшыға көрсетілетін рәсім бойынша төрт әскери жойғыш ұшақ қарсы алып, әуежайға дейін қанаттаса ұшып барды. Ал Белград әуежайында Мемлекет басшысын Сербия Президенті Томислав Николич күтіп алды.
Нұрсұлтан Назарбаев Сербияға ресми сапары аясында осы елдің Президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді деп жоспарланған. Оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою көзделген. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентінің Сербия Премьер-Министрі Александр Вучичпен, Сербия Патриархы Иринеймен кездесуі, сондай-ақ Белград қаласында Жамбыл Жабаевтың ескерткішін ашу салтанатты рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр.
Арнұр Асқар, "Егемен Қазақстан"

Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше