24 Тамыз, 2016

Бірқатар мекемеде болды

339 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ПарламентПарламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Абай Тасболатов Солтүстік Қазақстан облысында кездесулер өткізді. Петропавлда депутат үш көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысында, «Мұнаймаш» зауытында, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметтік жатақханаларында болды және «Нұр сәт» балабақшасының дайындық жұмысымен танысты. «Береке» шағын ауданында жаңа көп пәтерлі үйлерді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй құрылыс жинақтары бағдарламасы шеңберінде өткен жылы сала бастады, оларды пайдалануға тапсыру осы жылға жоспарланған. Үйді салудың мерзімі өте тығыз, сондықтан мердігерлерге жұмысты тездету керек, деді Абай Тасболатов. Содан кейін депутат «Мұнаймаш» зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын мұнай кәсіпорны жабдықтарын жобалау, әзірлеу және шығару істеріне маманданған. Сондай-ақ, ұңғымаларға арналған қарнақты сорғылар мен мұнай өндіру үшін қажетті өзге де аспаптар шығарады. Бүгін зауытта 150-ге жуық адам еңбек етуде, орташа еңбекақы мөлшері – 140 мың теңге. Өнімге деген сұраныс үлкен, мұнда тәжірибелі мамандар жұмыс істейтінін «Мұнаймаш» АҚ басқармасының төрағасы Спартак Пушкарев мәлімдеді. А.Тасболатов кәсіпорынның жұмысына өте жақсы баға берді, Қа­зақ­стандағы озық кәсіпорындардың бірі болып табылатынын айтты. Зауыттықтардың жалақысы сол­түстік­қа­зақстандық өлшем бойынша жоғары екеніне де назар аударды. Бұдан басқа, партия фракциясының мүшесі Халықты жұмыспен қамту орталығының қос ғимараттан тұра­тын 100 пәтерлі жатақханасының тұр­ғындарымен кездесті. Олармен бөл­мелерді алу шарттарын талқылады және басқа да мәселелеріне назар аударды. А.Тасболатов қыркүйек айында қол­дануға берілетін «Нұр сәт» жаңа бала­бақша­сына да барды. Жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаты партияның облыстық фи­лиалының қоғамдық қабылдау бөлме­сінде азаматтарды қабылдады және аймақ­тың партия белсенділерімен кездес­ті, деп хабарлады Мәжілістің баспа­сөз қызметі.