24 Тамыз, 2016

Ауылдарды аралады

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-03-15-parlament01Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов Жалағаш ауданына қарасты бірқатар ауылдарды аралады. Алдымен Таң ауылында болған сенаторлар кәсіпкер Имамзада Шағыртаевтың шаруа қожалығының жұмысымен танысып, егін даласындағы еңбегіне жоғары баға берді. «Таң» ЛТД» ЖШС бас директоры И.Шағыртаев 2003 жылдан бері шаруашылықпен айналысып, ауыл әлеуетінің жақсаруына өлшеусіз үлес қосып келеді. Мысалы, ол биыл ауылдағы мешіт пен балабақшаның күрделі жөндеу жұмысына қолғабыс етіп отыр. Кеңес дәуірінде салынған балабақша ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын келер жылы аяқтау жос­парланса, мешітті биыл пайдалануға беруді жоспарлаған. Қос сенатор са­уапты істі қолға алған ауыл кәсіпкерінің бұл бас­тамасына алғысын білдірді. Ал аудан әкімі Талғат Дүйсебаев жалпы өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен таныс­тырды. Мұнан соң М.Бақтиярұлы мен Б.Еламанов Аққұм ауылындағы «Шұғыла» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. 1975 жылы бой көтерген ғимараттың құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен  және жергілікті бюджеттен қажетті қаржы бөлінген. Бүгінде күрделі жөндеу жұмыстарының 50 пайызы аяқталды. «СОФТ Қызылорда» ЖШС жөндеу жұмыстарын осы айдың соңына дейін аяқтап, 31 тамыз күні пайдалануға беруді көздеп отыр. Сенаторлар балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарын жоғары бағалады. Сонымен қатар, сенаторлар облыс орталығында Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау орган­дары­ның қызметкерлері, ұстаздар қауымымен кездесу өткізді. Жүздесу барысында елімізде қабылданып жатқан жаңа заңдар, түйткілді мәселелер турасында кеңінен әңгімеленді. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан» Қызылорда облысы