24 Тамыз, 2016

«Мектепке жол» – мейірімділік жоралғысы

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
мектеп-1Еліміздің әр түкпірінде өткізіліп отырған «Мейірімділік керуені» шарасы аясында Алматының кішкене тұрғындарына қала әкімдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен сый жасады. Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясын қолдау мақ­сатында өткізілген шара барысында қалада тұратын көп балалы отбасылар мен жарымжан сәбилерді тәрбиелеп отырған шаңырақтарға, Жас­­өспірімдерді бейім­деу ор­талығының тәрбие­ле­ну­­шілеріне материалдық көмек ретінде оқушылардың мектеп жабдықтары сыйға бе­­ріліп, жеткіншектерге ша­­­ғын мереке ұйымдас­ты­рылды. Көп салалы «Заңғар» сау­да орталығының «Lumiera» кинотеатрында мульт­фильм тамашалап, бал­мұз­­дақ пен сусынға қарық бол­ған жеткіншектердің қуа­ны­шында шек болмады. Оларға сыйлық жасап, мере­келік көңіл күй сыйлаған Қазақ­стан халқы Ассамблеясы хат­шы­лығының, қала әкімдігі мен «Қоғамдық ке­лісім» ком­­муналдық-мем­лекеттік меке­месі, Ас­сам­блея жанын­дағы Аналар кеңесі мен жеке кәсіпкерлік топтардың өкіл­дері келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, білім сапарында сәттілік тіледі. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ