24 Тамыз, 2016

Футзалдан Қазақстан құрамасы – турнир жеңімпазы

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24.08.2016 AST-14 Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Таиландта өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Турнир Таиландтың астанасы - Банкгок қаласында өтті. Оған Таиланд, Иран, Жапония мен Қазақстан құрамалары қатысты. Алғашқы матчта еліміздің бас командасы Иран командасымен кездесіп, 3:3 есебімен тең ойнады. Екінші ойында Жапония құрамасын 9:0 есебімен жеңсе, үшінші кездесуде алаң иелерімен 3:3 есебімен тең түсті. Бұл сынға Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық ретінде қатысты.  Әлем додасы 10 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Колумбияда өтеді. Онда Қазақстан топтық турнирде Аргентина, Коста-Рика мен Соломон аралдары құрамаларымен кездеседі. Дастан КЕНЖАЛИН