Парламент Мәжілісінің депутаты Жәмила Нұрманбетова «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қоғамдық қабылдау жұмысы барысында барлық өтініш білдірген азаматтарға құқықтық кеңес беріліп, білім беру, халықты жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік маңызды мәселелердің заңнамалық нормалары түсіндірілді.
«Өздеріңіз білетіндей, біз халықтың әлеуметтік осал санатындағы жандарды әлеуметтік қорғауға үлкен мән береміз. Біз мұқтаж адамдарға қолдау және көмек көрсетуіміз керек. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының шеңберінде құқықтық көмек көрсетіліп, кеңес беріледі. Қажет жағдайда берілген өтініш мазмұнын қарауға өкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға хаттар жіберіледі», – деді Мәжіліс депутаты.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінде соңғы жеті айда 300-ден астам қоғамдық қабылдау жүзеге асырылса, оның 56-сын Парламент Мәжілісінің депутаттары С.Қ.Ахметов, П.О.Казанцев, Қ.С.Мусин, С.Ф.Бычкова, Ж.Н.Нұрманбетова, Т.И.Яковлева өткізіпті.
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Астана қаласы әкімінің орынбасарлары, басқармалар, департаменттер мен құқық қорғау органдарының басшылары азаматтарды тұрақты түрде қабылдау жұмысын жүргізеді. Бұл жерде адамдар өз сұрақтарына татымды жауап және кеңес ала алатын болғандықтан, өтініш білдіруші астаналықтардың саны артып келеді.

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше