Атом апаты да бізді айналып өтпеді. Семей полигонынан радиация алып «шыныққан» қазақстандықтарды Чернобыль апатын залалсыздандыруға апарып салғаны әлі есте. Бүліншілікке отыз жыл толып отыр. Апатты жоюға отыз бес мың қазақстандық қатысқан. Солардың көбі өрімдей қазақ жастары болатын. Чернобыль апатының отыз жылдығына байланысты жер-жерлерде сол зұлматты көзі көрген азаматтармен кездесулер өтті.
Апатты ауыздықтауға қатысқан Киікті ауылының тұрғыны Ерболат Ибраев: «Мен ол кездері міндетті әскер қатарында болатынмын. Әкелді де салды. Отан үшін жан пида деп отқа түстік те кеттік. Ол арадан қазақ жастарын көп кезіктірдім. Біздің ерік-жігеріміздің арқасында радиацияның әрі қарай таралуына тосқауыл қойылды», деп еске алады қасіретті жағдайды. Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқандар мен тұрып жатқан Ақадыр кентінде де бар. Солардың бірі – Сержан есімді азамат. Отбасылы. Күміс қасықтай ғана сүп-сүйкімді келіншегі бар. Әлі күнге бала сүйе алмай жүр бұлар. Жарық көрген нәрестелері көп тұрмайды, шетінеп кете береді. Келіншегі де жылайды. Оған қосылып Сержан ініміз де егіледі. Олардың мұңы бізді де шарпиды. Ғасыр тажалы – атомды ауыздықтауға шама қайсы? Туған даламыздың да жүрегі жаралы. Атом радиациясы қойны-қонышын зақымдаған Жер-Ананың да қасіретін тілмен айтып жеткізе алмайсың.
Осы мақаланы жазуға түрткі болған жағдайды айтуға тура келеді. Қаламға машығым болған соң да жазушы, ақындардың, ғалымдардың еңбегін назарда ұстаймын. Семей полигонының жан түршігерлік зардаптарын өз басынан өткерген танымал жазушымыз Медеу Сәрсекенің биылғы жылдың басында «Фолиант» баспасынан «Семей қасіреті» деген атпен жарық көрген кітабы сүбелі еңбек болып шыққан. Шырқыраған шындық еңбектің әр бетінен көрініс тапқан.
Қолыма қалам алдырған екінші бір жағдай – Елбасымыздың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік саммитіне қатысып, «Әлем. ХХІ ғасыр» деген атпен жариялаған манифесі. Елбасы әлем назарын бірден өзіне аударды. Осыдан 25 жыл бұрын Семей ядролық полигонын жабу жөніндегі Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл шешім, шындап келгенде, ерлікке пара-пар шешім еді. Империялық сығым өз күшінде тұрғанда, Елбасымыздың батыл шешімге баруы ғасырдан ғасырға озатын қаһармандық.
Қырық жылға созылған сойқанда төрт жүз елу алты жарылыс болған екен. Соның жүз жиырмасы ашық атмосферада сынақталғаны іш жидырады. Ақпарат дерегі бойынша ядролық қуаттың таралуы алты жүз шақырымды қамтиды делінеді. Жарылыс қуатының залалы ауамен, сумен, топырақпен тарайтынын есепке алғанда, радиацияның таралуы кең көлемді қамтитыны белгілі. Атом сынағынан зардап шеккен халық саны бір жарым миллион деп жүрміз. Бұл – бергі жақтағы дерек.
Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі халықаралық көлемде ел құлағын елең еткізді. Қазақстан Президентінің манифесі бейбітшілік сүйгіш халықтардың жүрегіне жеткені біз үшін мәртебе. Бүгінде әлем қоғамдастығы «Қазақстан Президенті бейбітшілік жаршысы» деп бірауыздан айтады. Қашаннан тыңнан жол салып, әлемдік бастамаларға мұрындық болып жүрген Нұрсұлтан Әбішұлы сол жолғы сапарында да халықаралық қоғамдастықтың назарын өзіне аударды. Семей ядролық сынағынан зардап шеккен суретші Кәріпбек Күйіковтің «Жарылыс» картинасын Барак Обамаға тарту етуі айта жүретіндей іс болды. Әлем жұртшылығын елең еткізген бұл сурет ядролық қаруды шеңгелінен босатпай отырған мемлекеттерге ой салуға тиісті.
Бүгінде Жер шары апатты жағдайда. Ядролық қарудың қырықтан аса түрі бар екені әмбеге аян. Осындай жойқын қару лаңкестердің қолына түсіп кетсе не болғаны? Содан да Қазақстан Президентінің жарғақ құлағы жастыққа тимей, ядролық қауіпсіздік жолында бейбітшілік жаршысы болып жүр. Мұндай қайраткерлік екінің бірінен табыла бермейді. Жер бетінің тыныштығына алаң болып жүрген Елбасының арман-аңсары әріде екенін біз жақсы білеміз.
Біздің ел сынақты көп көрді. Елбасы халыққа Жолдауында алда тұрған жаһандық он қатерді санамалап берген еді. Соны қаперге аламыз ба? Экономикалық дағдарысты да бастан кешіріп жатырмыз. Анау-мынау қиыншылықты елемейміз. Небір ауыр сынақтан аман өттік.
Құранда айтылады, Алла тағала адамдарды өмірге сынақ үшін әкеледі екен. Бұл – пәлсапалық түйін. Құран сөзі ақиқат. Дәулет жи, байы, бас құра, ұрпақ өсір, бір-біріңе қарайлас дейді. Біз – аз ұлтпыз. Аз ұлттың ынтымағы бір болуға тиісті. Тағы бір сынаққа тап болмас үшін ұлттық кикілжіңнен, ұсақ-түйек дау-шардан алыс болғанымыз жөн. Елбасымыз бізді сындарлы жолмен бастап келеді. Мәңгілік Ел идеясы – басты бағдарымыз. Тыныш ұйықтап, алаңсыз еңбек етіп жатырмыз. Бұдан артық бақыт болмаса керек.
Өмір КӘРІПҰЛЫ,
жазушы
Қарағанды облысы,
Ақадыр кенті

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Президент бала өмірін арашалап қалған дәрігерлердің еңбегін үлгі етті
Президент • Бүгін, 14:00
Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды
Медицина • Бүгін, 13:50
Астана медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі
Медицина • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін көтерді
Президент • Бүгін, 13:37
Президент: Қазақстан озық технологияларды медицинаға белсенді түрде енгізіп жатыр
Президент • Бүгін, 13:27
Тоқаев: Өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуға тиіс
Президент • Бүгін, 13:20
Президент: Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Президент • Бүгін, 13:13
Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?
Туризм • Бүгін, 13:05
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігі айрықша назарда
Президент • Бүгін, 12:57
Мемлекет басшысы: Жаңа Конституцияда ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық
Президент • Бүгін, 12:49
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Медицина • Бүгін, 12:30
Ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 500-ден астам көлік анықталды
Қоғам • Бүгін, 12:23
IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді
Технология • Бүгін, 12:05