Рио-2016 Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Иван Дычконы Қостанай халқы ыстық ықыласпен құшақ жая қарсы алды. Әуежайға жиналған көпшіліктің қарасы қалың. Құшақ-құшақ гүл алып, асыға жеткен жанкүйерлер спортшыны тағатсыздана күтті.
Аэропорт алаңында оркестр ойнап тұр. Спорт ардагерлері, жас спортшылар мен боксшының туыстары жүлдегерді қарсы алуға асық. Иван Дычконың қасында қос жаттықтырушысы Сапабек Мұқышев пен Владимир Шайер бар.
Қола жүлдегерді қарсы алуға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов те келді. Аймақ басшысы боксшыны жеңісімен құттықтап, табыс тіледі.
– Соңғы бес жылдағы белсенді жұмыс пен күнделікті жаттығудың арқасында Иван әлем чемпионатында үшінші орын алды. Екі мәрте күміс жүлдегер атанды. Бұл жетістіктердің қатарына Азия чемпионы деген атақты қосыңыз. Жерлесіміз осымен екі дүркін Олимпиада қола жүлдегері болып отыр. Мен оның өмірбаянын оқыған едім. Иван он күндей бұрын 26 жасқа толды. Бұл дегеніміз, спортшының алдында әлі талай сайыстар мен жеңістердің күтіп тұрғанын білдіреді, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Иван Дычко сол арада БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, жанкүйерлерге алғыс айтты. «Олимпия ойындарынан екінші рет жүлдемен оралғаныма қуаныштымын. Біздің облысымыздан әлі талай чемпиондардың шығатынына сенімдімін. Спортшыларымыздың жоғары марапатқа ие болғанын қалаймын», – деді боксшы.
Шәкіртінің бұл сөзін жаттықтырушысы Сапабек Мұқышев қолдады.
– Иван жеңіс үшін бәрін жасады. Аса ауыр салмақтағы боксшылардың бәрі бірдей екі мәрте Олимпиада медалін алып жатқан жоқ. Ондай жеңіс біздің Иванның қолынан келді. Біз оған сенеміз. Оның әлі 26 жаста екенін ұмытпаңыздар, – деп атап өтті жаттықтырушы.
Боксшы журналистерге берген сұхбаттан соң, қаладағы Fitnation спорт кешеніне барып, жастармен кездесті. Жас спортшылар Олимпиада жүлдегерімен естелік суретке түсіп, қолтаңба алды.
Түс ауа Иван Дычко Рудный қаласына барды. Ол жердегі кездесуде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Олимпиада жүлдегеріне үш бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды. Боксшының екі бапкеріне 1 млн теңгеден сыйақы берді.
Олимпиада алдында облыс әкімі боксшымен кездесіп, «Егер медаль алсаң, қалаған бір тілегіңді орындармыз», деген еді. Сол сәтте Дычко облыс орталығынан пәтер алуды армандайтынын айтқан. Міне, көрмейсіз бе, боксшы да, әкім де өз сөздерінде тұрды.
Қымбат ДОСЖАНОВА
ҚОСТАНАЙ

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:06
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан • Бүгін, 17:23
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15