2016 жылғы 10 тамызда жоспар-кестелерде көзделген әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған тұлғалардың пайдасына бюджет қаражаты есебінен бұрын аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару шаралары аяқталды.
Аталған шараның 2016 жылғы 18 ақпанда басталғанын еске сала кетейік. Жоспар-кестелерде белгіленген мерзімдер мен шаралар Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, Ұлттық банкпен және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілді.
Әскери қызметшілердің және күштік құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына бюджет қаражаты есебінен бұрын аударылған міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару – аталған санаттағы азаматтарды толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырудың міндетті талабы. Аталған шара олардың зейнетақы мөлшерін елеулі түрде көбейтуге мүмкіндік береді.
Зейнетақы жинақтарының қалған бөлігін пайдалану құқығы әскери қызметшілер мен күштік құрылымдар қызметкерлеріне зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес жалпы негіздер бойынша беріледі. Қандай да бір себеппен жарналарының 50 пайызы қайтарылмаған әскери қызметшілер мен күштік құрылымдар қызметкерлері де зейнетақы төлемдерін осы талаптарға сәйкес алады.
Әскери қызметшілер мен күштік құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылды. Осы кезеңнен бастап «толық емес» көлемде еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін алатын (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызмет мерзімі 10 жылдан аз) әскери қызметшілер мен күштік құрылымдар қызметкерлерінің зейнетақы мөлшері міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызды жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы БЖЗҚ растау-анықтамасының негізінде қайта есептеледі.
Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызды жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы БЖЗҚ растау-анықтамасын өткізу – 1998 жылғы 1 қаңтарда қызметке алғаш кіріскен әскери қызметшілер мен күштік құрылымдар қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдары бойынша мемлекеттік бюджеттен зейнетақы тағайындау талаптарының бірі.
«Егемен-ақпарат»

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29
10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:11
Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Қоғам • Бүгін, 14:58
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Білім • Бүгін, 14:47
Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады
Экономика • Бүгін, 14:38
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Экология • Бүгін, 14:12
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:40
Анталия форумы: Президент панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды
Президент • Бүгін, 13:38
Елімізде туристік нысандарға жету уақыты қысқарады
Туризм • Бүгін, 13:23
Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 13:10
Екібастұзда цифрлық хаб құрылады: Жер учаскелері анықталып, келісімдер жасалды
Үкімет • Бүгін, 13:05
Жұмыссыздарға көмек: Еңбек министрлігі осал топтарға қолдауды күшейтеді
Еңбек • Бүгін, 12:53