26 Тамыз, 2016

Білім және ғылым министрлігінің өкілі университет базасымен танысты (фото)

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-08-16-Univer 1 Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжанов жұмыс сапарымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде болып, бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы аталған университеттің баспасөз қызметі хабарлады. Жауапты хатшы алдымен оқу орнының «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының көрме залында аялдап, Сыр өңіріндегі археологиялық және тарихи-мәдени ескерткіштердің зерттелу тарихымен танысты. Өлкеде өркендеген археологиялық мәдениеттерге байланысты дайындалған арнайы тақырыптық стендтер мен қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлерді аралап көрді. Сонымен қатар, «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залы, «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана мен мұражайды аралап, материалдық-техникалық базасымен, университет ғалымдарының ғылыми жобаларымен танысты. Өз кезегінде университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов университеттің миссиясы, білім беру қызметі мен ғылыми әлеуеті және халықаралық байланысы жөнінде баяндап берді. Мұнан соң аталған министрлік өкілі оқу ордасының оқытушы құрамымен кездесіп, білім беру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады. Талғат РАЙЫМБЕК 26-08-16-Univer 26-08-16-Univer 2
Соңғы жаңалықтар

Көпшілік тілегі орындалады

Пікір • Бүгін, 09:45

Мұнайшылар шет қалмады

Референдум 2024 • Бүгін, 09:40

Реформалар жүйелі іске асырылып келеді

Референдум 2024 • Бүгін, 09:37

Мерекелік рәуіште өтті

Референдум 2024 • Бүгін, 09:30

Демократия нышаны

Референдум 2024 • Бүгін, 09:27