27 Тамыз, 2016

Әр алуан әлем

248 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
26-08-16-ptitsaБір құстың бағасы 400 000 доллар Кувейтте өткен кезекті құс саудасы аукционында бір құс орасан зор ақшаға 400 000 долларға сатылды. Бұл жолғы лотта қолға үйретілген роллер кептері өте-мөте танымал болып, қолдан қолға тимеді. Оның осыншалықты маңызды болып жатқаны өз түрі бойынша аспанда қалықтап ұшып жүргенде алуан қимыл көрсете алатын қабілеті бар жалғыз құс екендігінде шығар. Сондықтан да оларды кейде «акробат» деп те атап жатады. Алдымен роллер кептерінің бірі 76 000 долларға сатылды. Ал соңынан бельгиялық осындай құс 400 000 долларға өтіп кетті. 26-08-16-nojҚарнына қырық пышақ қалай сыйған? Үндістанның Пенджаб штатындағы Гурдаспур қаласында хирургтер бір кісіге ота жасап жатқанда, оның қарнынан артық-кемі жоқ қырық пышақ шыққан. Есімі аталмай отырған 42 жастағы азамат әуелі іші ауыратынына шағынып, ауруханаға жатқан. Аурухана басқарушысы, доктор Джитиндер Малхотра науқасты дереу УДТ-ға жібереді. Сонда дәрігерлер оның ішінде қатты бір заттың жатқанын байқайды. Осы кезде пациент соңғы екі айда өзін өзі ұстай алмай, «дәмі ұнаған» темір заттардың бәрін жей бергенін айтады. Нәтижесі әлгіндей болып шықты. Сырқат операциядан кейін өзін жақсы сезінгенін айтқан. 26-08-16-pingvinПингвинге генерал атағы берілді Норвегия корольдігі гвардиясының Шотландиядағы Эдинбург хайуанаттар бағында өмір сүретін Нильс Улаф деген лақап аты бар пингвинге генерал атағы берілді. Осыған арналған салтанатты шара зоопарктің территориясында өткен. Оған 50 гвардияшы қатысқан. Дәстүрге сай бұл құс әскерилер сапының алдынан жүріп өткен. Онысы іс жүзінде байқау болып шыққан. Сол кезде оған әскери құрмет көрсетілген. Норвегия король пингвинін Эдинбург паркіне беру үрдісін 1913 жылы бастапты. 1972 жылдан бастап оларға әскери атақ беру қолға алынған. Ол гвардияшылардың Эдинбург саябағына әр келгенінде жасалып тұрған. 26-08-16-drevoЕуропадағы ең кәрі ағаш – Грекияда Ғалымдар Грекияның солтүстігінен өсіп тұрғанына мың жылдан асып кеткен босния қарағайын тауыпты. Оқымыстылардың болжамы бойынша, ол Еуропадағы ең кәрі ағаш болып шықты. 941 жылы кішкентай ұрық түрінен шыбық болып көктеген дарақ бүгінде 1075 жасқа келіп тұр. Стокгольм университеті, Майнц университеті, Аризона университеті зерттеушілерінен құралған команда ағашқа грек құдайының құрметіне «Адонис» деген ат қойды. Енді олар Пинд таулары баурайында өсіп тұрған басқа да мың жылдық тарихы бар ағаштар аймақтың он ғасырлық климатынан мағлұмат беретініне үміттеніп отыр. 26-08-16-BMVПутин сыйлаған BMW-лар сатуға шығарылды Ресей президенті Владимир Путиннің Рио-де-Жанейрода алтын медаль алған олимпиадашыларға сыйлаған BMW Х6 автомобильдерінің бірі кеше саудаға шығарылғаны белгілі болып қалды. Бұл туралы ақпар көлік сатумен айналысатын сайттардың бірінен орын алған. «Р-Спорт» басылымының анықтағанындай, сатуға шығарылған көлік синхронды жүзуден Ойындар чемпионы атанғандардың бірінікі көрінеді. Аталған көліктерде оны алған адамдардың аты-жөндері ғана жазылған. Олар он күнге дейін осылай жүре алады. 26-08-16-hidjabШотланд полицейлері хиджаб кие береді Шотландияда полицияда қызмет ететін мұсылман әйелдерге жұмыс кезінде өздерінің дәстүрлі киімі – хиджаб киіп жүруге ресми түрде рұқсат етілді.  Мұндай шешімнің мұсылман әйелдердің кәсіби беделін арттыруға және қатарға жаңа кадрлар тартуға бағытталғаны айтылып жатыр. Шотландияда бұдан бұрын да тәртіп сақшыларына хиджаб киюге тыйым салынбаған. Алайда ондай құрметке жету үшін міндетті түрде аға офицерлер құрамынан болуың керек-тін. Билік тарапынан болып жатқан мұндай қадамды елдің мұсылман полицейлері қатты қолдады. Ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша дайындалды