27 Тамыз, 2016

Астанада алма ағашы бір жылда екі рет гүлдеді (фото)

832 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
27-08-16-alma agashu 2 Табиғаттың тылсым құбылысын көргенде таңғалмасқа шараң жоқ. Мәселен, Астанадағы Ержан есімді тұрғынның бақшасындағы  жемісі пісуге таяған алма ағашы тағы гүлдеген. Бағбанның айтуынша, жеміс ағашының 1 жылда екі рет гүлдеуі бұрын соңды кездеспеген дүние. Ол: «Бұл мен үшін күтпеген оқиға болды. Алма ағашын 7-8 жыл бұрын өзім отырғызған едім», – дейді. Бұл құбылыс алма ағашын будандастырудан болды ма, жоқ басқа сыры бар ма, әзірге белгісіз. Қалай болғанда да, жазы қысқа әрі салқындау келетін Астанада алма ағашының екі рет гүлдеуі таңданарлық жағдай. Мұның себебін алдағы уақытта ғалымдар анықтап жатса, "Егемен-ақпарат" оқырмандарын міндетті түрде хабардар етеді. Талғат РАЙЫМБЕК 27-08-16-alma agashu 1 27-08-16-alma agashu