Мемлекет басшысы «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференцияның пленарлық отырысына қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай өткен конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, ғылым мен білім саласының өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері, сондай-ақ әлемнің 50-ден астам елінен шетелдік қонақтар қатысты.
Елбасы конференцияға қатысушыларға арнаған сөзінде жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін Қазақстан Президенті сыйлығын тағайындау туралы көтерілген бастамаға ризашылығын білдірді.
«Жалпы, мен бұл бастаманы қолдаймын. Мүмкін оны Ядролық қарусыздандыру үшін берілген сыйлық деп атаған жөн болар, оның атауын қайта ойластыру қажет. Біз ақылдасып, бұл сыйлықты тағайындау туралы шешім қабылдайтын боламыз», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы 1991 жылғы 29 тамызда еліміз үшін де, бүкіл әлем үшін де тарихи маңызды оқиға болғанын атап өтті.
«Ширек ғасыр бұрын біздің жеріміз бен халқымызға 40 жылдай азап тартқызған милитаризмнің ең сұрапыл сынағы заңды түрде тоқтатылды. Біздің шешімімізден кейін барлық жетекші ядролық державалардың полигондарының үні шықпай қалды, алайда олардың ешқайсысы әлі күнге дейін жабылған жоқ. Қазақстан – мұндай қадамға барған алғашқы ел. Біздің халқымыздың қалауы солай болды. Бұл оқиғаның барша әлем үшін маңыздылығы осында», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті ширек ғасыр ішінде біздің республикамыз бейбітшілікке, ядролық қарудан азат болуға бастайтын тиімді модельді қалыптастыра алғанын айтып, оны барлық елде қолдану жөнінде ұсыныс жасады.
Мемлекет басшысы ядролық қару арқылы өзін-өзі жою қаупін азайтуға және бейбітшілікті бірте-бірте демилитаризациялауға бағытталған бірқатар ұсыныстар айта келіп, мұның халықаралық қарым-қатынаста терең ментальді өзгерістерді, көптарапты жаңа саяси шешімдерді, жоғары деңгейдегі сенімді қажет ететіне назар аударды.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев конференцияға қатысушылар айтқан ұсыныстар бүкіл әлемдегі саясаткерлер мен ғалымдардың құлағына жетеріне сенім білдіріп, жиналғандардың жұмысына жеміс тіледі.
Сондай-ақ, іс-шара барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша халықаралық ұйымдар мен шет ел үкіметтері өкілдері баяндама жасады.
Айдар ӨРІСБАЕВ

Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Президент • Бүгін, 14:51
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:48
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады
Президент • Бүгін, 14:33
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 14:20
Тоқаев: Жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне «Әл-Фараби» ордені енгізіледі
Президент • Бүгін, 14:05
Биыл әскери жиындарға қанша азамат шақырылады?
Әскер • Бүгін, 13:56
Мемлекет басшысы : Құқықтық нигилизмге жол жоқ
Президент • Бүгін, 13:50
Президент Конституцияны әзірлеуге үлес қосқан ғалымдарға ризашылығын білдірді
Президент • Бүгін, 13:43
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
Сайлау • Бүгін, 13:37
Мемлекет басшысы: Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту – аса маңызды міндет
Президент • Бүгін, 13:32
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс
Ғылым • Бүгін, 13:22
Президент: Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі
Президент • Бүгін, 13:17
Абай облысында азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаға тартылды
Кәсіпкер • Бүгін, 13:10