Ала жаздай асыр салып ойнаған балаларды жаңа оқу жақындағанда қуантқанға не жетсін! Әсіресе, мектеп табалдырығын енді аттайтын балдырғанның оқу құралдары мен арқаға асатын сөмкелерді көргенде күлімдеген көздерінен нұр төгіліп-ақ тұрады. Атыраудағы №34 лингвистік гимназияның бірінші сыныбына қабылданған 100 бала дәл осындай көл-көсір қуанышқа кенелді. Оларға «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы «Мектепке жол» акциясы аясында оқу құралдарымен толтырылған сөмкелер сыйға тартты.
Аталған компания сонымен бірге, Мақат ауданындағы аз қамтылған отбасылардың балаларын да қуантуды ұмытқан жоқ. Аудан орталығындағы мәдениет үйіне жиналған 100 балаға мектеп құралдары мен сөмкелерді тарту еткен «НКОК» компаниясы әлеуметтік, корпоративтік және экологиялық міндеттемелерін жауапкершілікпен атқаруда. Компанияның жүзеге асырып жатқан әлемдік деңгейдегі жобасы Атырау мен Маңғыстау облыстары тұрғындарының, сонымен бірге, тұтастай ел игілігіне жұмыс істемек. «Консорциум жыл сайын балалар өмірін жақсартуға бағытталған түрлі шараларды өткізуге де атсалысуда. Соның ішінде, «Мектепке жол» акциясы шеңберінде балаларға оқу құралдарын сыйға тартуды көздедік. Біз балалардың мектепте жақсы оқуына тілектеспіз», деді «НКОК» компаниясының қоғаммен қарым-қатынас орнату жөніндегі кеңесшісі Альбина Мұхамбетова.
«Берсең – балаға бер» дегендей, олардың қуанғанына, күлімдеген көзі бақыттың нұрына толғанына ештеңе жетпейді.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
Атырау облысы

Мессидің хет-тригі, Мбаппе мен Холанның дублі
Футбол • Бүгін, 09:08
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Байқау • Бүгін, 08:59
«Қала хикаялары» байқауы жарияланды
Байқау • Бүгін, 08:58
Көлсай – таңғажайып табиғат тартуы
Туризм • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Османлы сұлтанымен кездескен қазақ
Тарих • Бүгін, 08:50
Тілсіз жауға – тегеурінді тосқауыл
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Өнер • Бүгін, 08:45
Өскеменде өнімдер көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Шығанақ тарысы: Тарих пен тағылым
Зерде • Бүгін, 08:40
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Теңге • Бүгін, 08:37
Талғат Есенәлиев: Технология театрдың мүмкіндігін кеңейтеді
Сұхбат • Бүгін, 08:35
Туризм • Бүгін, 08:33
Тұлға • Бүгін, 08:30
Атырауда BMW көлігі бағанға соғылып, екі жолаушы зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 08:27