Облыстық Достық үйінде Семей ядролық сынақ полигонының (СЯСП) жабылуына 25 жыл толуына орай арнайы шара болып өтті. Оған ядролық сынақ полигоны ардагерлері мен мүгедектері, локалды соғысқа қатысушылар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.
– Биылғы жылды аса маңызды белес деуге болады. Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында көптеген ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Солардың қатарында Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығы да бар. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылдың 29 тамызындағы СЯСП жабу туралы Жарлығы аса маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Осы күні ядролық полигон тарихында жаңа дәуір басталды. Елбасының бастамасымен Қазақстан ядросыз әлем құрудағы көшбасшы ел ретінде танылды, – деп атап өтті облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ербол Нұрғалиев.
Жергілікті атқарушы органдар осы санаттағы адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында барлық шараларды қолға алып келеді. Ел заңнамалары мен әлеуметтік қолдау бағдарламаларында көзделген шараларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, мәслихаттардың шешімдерімен Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға Жеңіс күні қарсаңында Ақтөбе қаласы бойынша 32 айлық есептік көрсеткіш немесе 67 872 теңге, аудандарда 50 мың теңгеден өтемақы төленді. Қалалық мәслихат депутаттарының шешімдері бойынша, 2013 жылдан бері ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға коммуналдық төлемдерге жылу маусымы кезеңінде 1,7 АЕК (3605 теңге) төленеді, еліміздегі санаторийлерге тегін жолдамалар беріледі.
Шара барысында СЯСП жабылуының 25 жылдығына орай, ардагерлерге облыс және қала басшыларының Алғыс хаттары табысталды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:51
Атыраудағы қылмыс: Сәрсемәлиев неге Индонезияға қашқанын айтты
Заң • Бүгін, 14:50
«Құдайдан кешірім сұрағым келді»: Сәрсемәлиев сотта күтпеген мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 14:40
Ұшақ пен пойыз билеттерінің бағасы неге бірдей? ҚТЖ өкілі жауап берді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Жаздың соңына дейін ҚТЖ пойыздарында интернет пайда болады
Қоғам • Бүгін, 14:18
Министрлік АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Павлодарда ер адам есірткі қосылған көкнәр тұқымын сатқан
Есірткі • Бүгін, 13:13
«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Үкімет • Бүгін, 13:02
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 12:55
Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 12:39
Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 12:35
Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
Футбол • Бүгін, 12:29
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02