құнды қазынасымен қуантты
Биыл ала жаздай Тарбағатай, Маңырақ және Сауыр тауларының түйіскен алқымында жатқан Шілікті жазығында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Шығыс өңірінің археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жоспары шеңберінде патша обалары көптеп орналасқан бұл жазықтағы ең ірі қорғанды қазу жұмыстары биылғы жылдың мамыр айында басталды.
Археологтар мен студенттердің күнге күйіп, жауын-шашынға су болып жүріп атқарған еңбегі нәтижесіз болған жоқ. Жуырда обада екі адамның жерленгені белгілі болды. Сонымен бірге саркофагтан бағалы заттар табылды. Бұл біздің бабаларымыздың зергерлік шеберлігіне тағы да тәнті еткен алтын бұйымдар еді.
Облыс әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданындағы жұмыс сапары аясында аталған қазба жұмыстарымен танысты. №16 қорғандағы қазба жұмыстарының нәтижесін көргеннен кейін аймақ басшысы жауапты тұлғаларға қорғанды үстінен жауып тұратын және көне жерлеу ғұрпын туристердің көруіне мүмкіндік беретін күмбез құрылысы жобасын әзірлеуді тапсырды.
– Қорғаннан табылған заттар өте ерекше. Бұл бұйымдар бабаларымыздың зергерлік өнерді өте биік дәрежеде меңгергенін көрсетеді. Сондықтан өз әлеуетімізді пайдаланып, этнотуризмді дамыту инфрақұрылымдарын қолға аламыз. Дәл осы іспетті құрылым Берелде де тұрғызылуда, – деді Д.Ахметов.
Қазба жұмыстары шегіне жетіп қалған ескерткіштің биіктігі 8,5 метр, диаметрі 88 метрді құрайды. Оба біздің заманымызға дейінгі VII ғасырға тән. Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, топырақ үйіндісі мен шыммен қаланған қабаттан тас үйіндісі шығып, оның астынан ағаш бөренелермен қорғалған табытқа екі адам жерленгені анықталды. Тоналғанына қарамастан, обадан ата-бабаларымыздың үздік зергерлік шеберліктерін айғақтайтын құнды бұйымдар табылды. Әсіресе, сақ тайпаларының дәстүрлі жануарлар бейнесінде жасалған алтын әшекейлері мен тары дәніндей кішкентай алтын түйіндіктері ерекше әсерге бөлейді. Кішкене түйіндіктерге ұсақ құлақшалар жапсырылған. Алтын әшекейлерді киімге қадаған екен. Бұл сол заманның өзінде-ақ бабаларымыздың өнерді шеберлік деңгейіне көтергенін, зергерліктің құпиясына жетік болғанын әрі шағын дәнекерлеу техникасын пайдаланғанын көрсетеді.
Саркофаг-павильон дайын болғаннан кейін, Шілікті ауылдық округінде туристерді қабылдайтын инфрақұрылымды дамыту жұмыстары басталмақ. Осы аяда таудың сай-саласын қуалап келетін жолдың жағдайы да түзеліп қалуы мүмкін.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Зайсан ауданы

Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті
Бокс • Бүгін, 12:02
Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында Иордания боксшысынан жеңілді
Бокс • Бүгін, 11:40
Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Бокс • Бүгін, 11:27
Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30