30 Тамыз, 2016

Футбол. Қазақстан Қытайда күміс медаль алды

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30.08.2016 Футбол Астана Қытайдың Нанжин қаласында футболдан 15 жастағы жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. Оған Қазақстан, Қытай, Испания, Малайзия, Пəкістан, Жапония, Камбоджа мен Сингапур  командалары қатысты. Осы додада Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды. Қазақстан алғашқы ойында Испания командасын 1:0 есебімен,  одан кейін Жапония құрамасын 3:1 есебімен ұтты. Жартылай финалда жасөспірімдер жасағы Қытайдан пенальтиде 4:2 есебімен басым түсті.  Ал финалда Камбоджа командасына 2:3 есебімен есе жіберіп, күміс медальді иеленді. Бұл сынға Қазақстан құрамасында Астана қаласындағы №8 Балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің 2001 туған оқушылары қатысты. Команда капитаны Нұрбай Əділжан бастаған құрама күміс кубокты Астанаға әкелді. Дастан КЕНЖАЛИН
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024