30 Тамыз, 2016

Ауыр атлет Денис Уланов Олимпиада қола жүлдесін ала ма?

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30-08-16-ulanov

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиялық ойындарда төртінші орын алған қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов енді Ойындардың қола медалін алып қалуы да әбден мүмкін. Румыния бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай, Риода 85 килоға дейінгі салмақта үшінші орын алған румын зілтеміршісі Габриэль Синкраянның Ойыннан кейінгі тексерісте допинг пайдаланғаны анықталған. Оның іле-ашала тексеруден өткізілген допинг-сынамасы оң нәтиже берген. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы әзірге бұл жайында хабарлаған жоқ. Алайда, қазір Синкраянның Олимпиадада көрсеткен көрсеткіштері жойылып жіберілетіні күтіліп отыр. Бұлай болған жағдайда үшінші орынға Уланов көтеріліп, қола медаль алады. Сөйтіп, Қазақстан қоржынындағы медальдер саны 18-ге жетеді. Сөйтіп, біздің спортшылар 3 алтын, 5 күміс және 10 қола медальдің иегерлері болып шыға келеді. Айта кетуіміз керек, Олимпиялық ойындарда Уланов пен Синкраянның екеуі бірдей қоссайыс қорытындысында 390 кг салмақтан көтерді. Алайда, румын атлетінің жеке салмағы жеңілдеу болғандықтан, қола медаль соған берілді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ