Облыстық ішкі саясат басқармасы мен халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен «Домбыра-fest» жастар фестивалін жұртшылық қызыға тамашалады. «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешені алдындағы алаңда жүзден астам домбырашының басы қосылып, күмбірлете күйлер тартылды. Кәсіби музыканттармен қатар өз өнерлерімен танылып келе жатқан жас таланттардың домбыра құлағында ойнаған шеберліктері жиналғандарды ерекше тәнті етті. Игілікті шараны ашу құрметіне өңірімізге танымал күйші, Білім беру ісінің үздігі Серікбай Құсайынов ие болды. Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, тұңғыш домбырашылар сыныбын ұйымдастыруға ұйытқы болғаны және бар. Қадірменді ақсақал ұлттық өнерді насихаттау, жас ұрпақ бойына дарыту ісінен әлі күнге дейін қол үзген емес. Күй өнерін дәріптеуге арналған фестиваль Мағжан елінің жастары төл өнерді қастерлейтінін, қол үзбегенін тағы бір дәлелдеді. Оның аясында Данияр Құсанов, Марат Гайнуллин, Аслан Төкенов секілді республикалық, аймақтық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері де күйден шашу шашып, қошеметке бөленді. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10